ТАРАУЛАР
КЕЗ КЕЛГЕН газетті оқы, мейлі, теледидар қара немесе радио тыңда — негізінен естіп-көретінің қылмыс, соғыс, терроризм жөніндегі мәлімет. Ал өз қиыншылықтарың турасында ойлап көрші. Бәлкім, жақын адамыңның науқасы немесе өлімі жаныңа батып жүрген болар. Сен өзіңді: “Маған бейбітшілік жоқ, тыныштық жоқ, қуаныш жоқ: бақытсыздыққа ұшырадым”,— деп айтқан адал кісі Әйүп сияқты сезінетін шығарсың (Әйүп 3:26).
Өзіңнен былай деп сұрашы:
Киелі кітаптан осы сұрақтарға қанағаттандырарлық жауап табуға болады.
“Ол барлық көздің жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (Аян 21:4)
“Ақсақ адам елік сияқты орнынан атып тұрады” (Ишая 35:6)
“Соқырлардың көздері ашылады” (Ишая 35:5)
“Қабірдегілердің бәрі... шығады” (Жохан 5:28, 29)
‘Бірде-бір тұрғын “мен науқас едім” деп айтушы болмайды’ (Ишая 33:24)
“Жерде астықтың... молшылығы болады” (Забур 71:16)
Айтылған жайттарды орындалмайтын арман деп қарастыруға асықпа. Құдай соның бәрін жүзеге асыруды уәде етеді, әрі Киелі кітапта Құдайдың мұны қалай істейтіні түсіндіріледі.
Бірақ Киелі кітаптан алар пайдамыз бұл ғана емес. Онда шынымен қанағаттандырарлық өмірдің кілті бар, әрі оны тіпті қазірдің өзінде қолдануыңа болады. Өзіңнің уайым-қайғың мен қиындықтарың туралы ойлап көрші. Олар әр түрлі болуы мүмкін: қаржы тапшылығы, отбасындағы қиындықтар, ауыр науқас немесе жақын адамыңның өмірден өтуі. Киелі кітап қиыншылықтарға төтеп беруіңе көмектеседі, сондай-ақ одан төменде келтірілген сұрақтардың жауабын табасың, әрі сол арқылы жеңілдік сезінесің.
Осы кітапты оқып отырғаныңнан Киелі кітаптың неге үйрететінін білгің келетіні көрінеді. Бұл кітап саған зор көмек болады. Байқасаң, әр беттің төменгі жағында абзацтарға сұрақтар берілген. Миллиондаған адам Иеһова Куәгерлерімен Киелі кітапты сұрақ-жауап ретінде талқылайды. Мұндай тәсіл саған да ұнайды деп үміттенеміз. Киелі кітаптың шын мәнінде неге үйрететінін зерттеуің қызықты әрі қанағаттандырарлық болу үшін Құдай батасын бергей.
КИЕЛІ КІТАП 66 кітапша мен хаттан тұрады. Қолдану оңай болу үшін олар тараулар мен тармақтарға бөлінген. Осы кітапта келтірілген Жазба орындарындағы кітапшаның не хаттың атауынан кейінгі бірінші сан тарауды, ал екіншісі тармақты көрсетеді. Мысалы, “Тімотеге 2-хат 3:16” деген Тімотеге арналған екінші хат, 3-тарау, 16-тармақ дегенді білдіреді
Келтірілген тармақтарды ашып отыратын болсаң, Киелі кітапты қолдануды тез-ақ үйреніп аласың. Киелі кітапты күнделікті оқығанның да көмегі зор. Неге солай етіп көрмеске? Егер күніне 3—5 тараудан оқитын болсаң, Киелі кітапты бір жылдың ішінде оқып бітіруге болады