Иеһова куәгерлерінің ресми интернет сайты

Мұқаба Beliefs Future Medical Topics Байланысу Publications Languages

Иеһова куәгерлері. Олар кімдер? Олар неге сенеді?

Алдыңғы мақалаКелесі мақала

Олар неге сенеді?

ИЕҺОВА КУӘГЕРЛЕРІ көк пен жерді жаратқан Құдіреті шексіз Құдай Иеһоваға сенеді. Әлем бүге-шігесіне дейін ойластырылып жасалған жаратылыстарға толы. Бұл ақыл-парасаттың қайнары әрі құдіретті Жаратушының бар екеніне нұсқайды. Әдетте адамның қолынан шыққан ісінен оның қасиеттері көрініп тұрады. Иеһова Құдай жөнінде де солай деуге болады. Киелі кітапта ‘Тәңірдің көзге көрінбейтін қасиеттері дүние жаратылғаннан бері айқын’ әрі ‘бұларды Оның жаратқан нәрселерінен байқап, түсінуге болатыны’ айтылған. Сондай-ақ онда “Құдайдың салтанатты ұлылығын” тілсіз ‘аспан әлемі ашық паш ететіні’ де айтылған (Римдіктерге 1:20; Забур 18:2—5).

Иеһова жаратқан... адамдар қамқорлайтын... әрі мәңгі мекендейтін ЖЕР

Адам не жасаса да, мейлі қыш құмыра, телевизор не компьютер болсын, белгілі бір мақсатпен істейді. Жер және ондағы өсімдіктер мен жануарлар өте керемет жаратылған. Триллион жасушадан тұратын адам денесінің құрылымын біз түсініп біле алмаймыз. Ой-сана өзегі болып табылатын бір ғана мидың өзі адам айтқысыз күрделі! Біз кішкентай заттың өзін белгілі бір мақсатпен жасайтын болсақ, Иеһова Құдайдың таңғажайып жаратылыстарына қатысты белгілі бір ниеті болғаны сөзсіз. Нақыл сөздер 16:4-тегі: “Тәңір Ие бәрін де өз мақсатына сай жасар”,— деген сөздер осының дәлелі.


Алғашқы адам жұбына берген тапсырмасынан көрініп тұрғандай, Иеһованың жерге қатысты ниеті бар: “Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар! ...Теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер бетіндегі барлық жануарларға иелік етіңдер!” (Жаратылыс 1:28) Адам ата мен Хауа ана жер бетін әділ ұрпақтарына толтырып, олар Жерге және ондағы өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық ету керек еді. Бірақ тілазарлықтарының кесірінен алғашқы адам жұбы осындай мүмкіндіктерінен айырылып қалды. Алайда бұл Құдайдың ниетіне әсер еткен жоқ. Мыңдаған жыл өткен соң бір пайғамбар: “Ол жерді ...бос тұру үшін емес, мекендеу үшін жаратты”,— деп жазған. Жер жойылмастан, ‘мәңгі тозбай’ тұра береді (Ишая 45:18; Екклесиаст 1:4, “Таурат”). Жерге қатысты ниетінің міндетті түрде жүзеге асатынын көрсету үшін Иеһова былай деген: “Мен мақсатымды орындап, Өзіме ұнайтындарды іске асыратын боламын деп уәде беремін” (Ишая 46:10).

Сондықтан Иеһова куәгерлері мынаған сенеді: жер мызғымай тұра береді және Иеһованың ниетіне сай, оған ұнамды болғандардың бәрі, тірілер де өлілер де, жұмақ орнаған жер бетінде мәңгі өмір сүреді. Адамдардың бәрі Адам ата мен Хауа анадан кемелсіздікті мұра еткен, сондықтан бәріміз күнәкармыз (Римдіктерге 5:12). Киелі кітапта “күнәның беретіні — (мәңгілік) өлім” екені айтылған. Сондай-ақ онда тірілердің өлетінін білетіні, ал өлілердің ештеңені білмейтіні және күнә жасаған жанның өлетіні жазылған (Римдіктерге 6:23; Екклесиаст 9:5; Езекиел 18:4, 20). Олай болса, қалайша олар жерге қатысты баталардан үлес алмақ? Бұл Иса Мәсіхтің төлем құрбандығының арқасында ғана жүзеге асады. Ол былай деген: “Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. ‘Қабірдегілердің бәрі Құдайдың рухани Ұлының даусын естіп, қабірден шығады’ (Жохан 5:28, 29; 11:25; Матай 20:28).

Бұл қалай орындалады? Мұның мәні Иса жер бетінде болғанда жариялауды бастаған ‘Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарда’ түсіндіріледі (Матай 4:17—23). Бірақ бүгінде Иеһова куәгерлері ізгі хабарды ерекше жолмен жеткізеді.

ИЕҺОВА КУӘГЕРЛЕРІ МЫНАҒАН СЕНЕДІ

Ілім Киелі кітаптан дәлел
Киелі кітап — Құдай Сөзі және шындық Тім. 2-х. 3:16, 17;Пет. 2-х. 1:20, 21; Жох. 17:17
Киелі кітап дәстүрлерге қарағанда әлдеқайда сенімді Мат. 15:3; Қол. 2:8
Құдайдың есімі — Иеһова Заб. 83:18, ЖД; Иш. 26:4; 42:8; Мыс. ш. 3:15, сілтемеде
Иса Мәсіх — Құдайдың Ұлы, әрі онымен тең емес Мат. 3:17; Жох. 8:42; 14:28; 20:17; Қор. 1-х. 11:3; 15:28
Иса Мәсіх — Құдайдың алғашқы жаратылысы Қол. 1:15, сілтемеде; Аян 3:14, сілтемеде
Иса Мәсіх айқышқа емес, ағашқа шегеленген Ел. іс. 5:30; 10:39
Мәсіх тілалғыш адамзаттың төлемін өтеу үшін өмірін қиды Мат. 20:28; Тім. 1-х. 2:5, 6; Пет. 1-х. 2:24
Мәсіхтің бір рет берген құрбандығы жеткілікті болды Рим. 6:10; Евр. 9:25—28
Мәсіх өлмес рухани тұлға ретінде қайта тірілді Пет. 1-х. 3:18; Рим. 6:9; Аян 1:17, 18
Мәсіх көзге көрінбесе де, келіп қойған Жох. 14:19; Мат. 24:3; Қор. 2-х. 5:16; Заб. 109:1, 2
Біз соңғы күндері өмір сүріп жатырмыз Мат. 24:3—14; Тім. 2-х. 3:1—5; Лұқ. 17:26—30
Құдай Патшалығының билеушісі Мәсіх жерде әділдік пен тыныштық орнатады Иш. 9:6, 7; 11:1—5; Дан. 7:13, 14; Мат. 6:10
Құдай Патшалығы орнағанда, өмір жағдайы керемет болады Заб. 71:1—4; Аян 7:9, 10, 13—17; 21:3, 4
Жер ешқашан елсіз бос тұрмайды да, жойылмайды да Екк. 1:4; Иш. 45:18; Заб. 77:69
Құдай қазіргі дүниені Һар-Магедон шайқасында жояды Аян 16:14, 16; Соф. 3:8; Дан. 2:44; Иш. 34:2; 55:10, 11
Зұлымдар мәңгілікке жойылады Мат. 25:41—46; Сал. 2-х. 1:6—9
Құдайға ұнамды адамдар мәңгілік өмірге ие болады Жох. 3:16; 10:27, 28; 17:3; Мар. 10:29, 30
Өмірге апаратын жол біреу-ақ Мат. 7:13, 14
Адам атаның күнәсінің кесірінен барлық адам өлетін болды Рим. 5:12; 6:23
Адам өлгенде, жаны тіршілік етуді доғарады Езек. 18:4; Екк. 9:10; Заб. 6:5; 145:4; Жох. 11:11—14
Өлгендер тозаққа түспейді, молада болады, әрі олар үшін қайта тірілуге үміт бар Қор. 1-х. 15:20—22; Жох. 5:28, 29; 11:25, 26
Адам атадан мұра еткен өлім жойылады Қор. 1-х. 15:26, 54; Аян 21:4; Иш. 25:8
Кішкентай қораны құрайтын 144 000 адам ғана көкке барады және Мәсіхпен бірге билік етеді Лұқ. 12:32; Аян 14:1, 3; Қор. 1-х. 15:40—53; Аян 5:9, 10
144 000 адам Құдайдың рухани ұлдары ретінде қайта туылған Пет. 1-х. 1:23; Жох. 3:3; Аян 7:3, 4
Рухани Исраилмен жаңа келісім жасалды Ер. 31:31; Евр. 8:10—13
Мәсіхшілер қауымының іргетасы Мәсіхтің өзі Ефес. 2:20; Иш. 28:16; Мат. 21:42
Дұғалар Мәсіх арқылы тек Иеһоваға айтылу керек Жох. 14:6, 13, 14; Тім. 1-х. 2:5
Ғибадатта мүсіндер қолданылмау керек Мыс. ш. 20:4, 5; Леуі. 26:1; Қор. 1-х. 10:14; Заб. 113:12—16
Сиқырлықтан аулақ жүру керек Заң. қ. 18:10—12; Ғал. 5:19—21; Леуі. 19:31
Осы дүниенің көзге көрінбейтін әміршісі — Шайтан Жох. 1-х. 5:19; Қор. 2-х. 4:4; Жох. 12:31
Мәсіхші әртүрлі діндерді араластырып ұстанбау керек Қор. 2-х. 6:14—17; 11:13—15; Ғал. 5:9; Заң. қ. 7:1—5
Мәсіхші осы дүниенің істеріне араласпау керек Жақ. 4:4; Жох. 1-х. 2:15; Жох. 15:19; 17:16
Адамдардың Құдай заңына қайшы келмейтін заңдарына мойынұсынады Мат. 22:20, 21; Пет. 1-х. 2:12; 4:15
Тәнге ауыз не тамыр арқылы қанның енуі — Құдай заңын бұзғандық Жар. 9:3, 4; Леуі. 17:14; Ел. іс. 15:28, 29
Киелі кітаптағы өнегелілік заңдарға мойынсұну керек Қор. 1-х. 6:9, 10; Евр. 13:4; Тім. 1-х. 3:2; Нақ. с. 5:1—23
Діни демалыс күнін тек исраилдіктер ұстану керек болған, әрі Мұса заңымен бірге оның да күші жойылды Заң. қ. 5:15; Мыс. ш. 31:13; Рим. 10:4; Ғал. 4:9, 10; Қол. 2:16, 17
Дінбасылар табы мен арнайы діни лауазымдардың болуы дұрыс емес Мат. 23:8—12; 20:25—27; Әйп. 32:21, 22
Адам өзінен-өзі пайда болған жоқ, оны Құдай жаратқан Иш. 45:12; Жар. 1:27; Мат. 19:4
Мәсіх Құдайға қызмет етуге қатысты үлгі қалдырған Пет. 1-х. 2:21; Евр. 10:7; Жох. 4:34; 6:38
Суға толық батырылу арқылы шомылдыру рәсімінінен өту — Құдайға бағышталудың белгісі Мар. 1:9, 10; Жох. 3:23; Ел. іс. 19:4, 5
Мәсіхшілер Жазбалардағы шындық туралы қуана-қуана куәлік етеді Рим. 10:10; Евр. 13:15; Иш. 43:10—12
 

2007 жылғы басылым

МұқабаБасыАлдыңғы мақалаКелесі мақала