Иеһова куәгерлерінің ресми интернет сайты

Мұқаба Beliefs Future Medical Topics Байланысу Publications Languages

Иеһова куәгерлері. Олар кімдер? Олар неге сенеді?

Алдыңғы мақалаКелесі мақала

Ізгі хабардың біздің қоғамға әкелетін пайдасы

БҮГІНГІ КҮНІ біз мынадай ойды жиі естиміз: “Киелі кітаптың принциптері тиімсіз. Қазіргі шиелініскен дүниеде оларды қолдану мүмкін емес”. Алайда Үндістанның саяси қайраткері Мохандас Ганди мен Үндістандағы бұрынғы Британ вице-королі лорд Ирвиннің әңгімесінен мүлдем басқа көзқарасты байқауға болады. Лорд Ирвин Үндістан мен Ұлы Британияның арасындағы проблемаларды қалай шешуге болатынына қатысты Гандидің ойын сұраған. Ганди қолына Киелі кітапты алып, Матай кітабының бесінші тарауын ашады да, былай дейді: “Егер сіздің еліңіз бен біздің ел Мәсіхтің Таудағы уағызының іліміне негізделе отырып бас қосса, тек біздің елдердің ғана емес, бүкіл дүниежүзінің проблемаларын шешеміз”.

Таудағы уағызда рухани нәрселерді түсінуге ұмтылу, кішіпейіл, қайырымды, бейбітшіл болу және әділдікті сүю керектігі жөнінде айтылады. Онда өлтіру ғана емес, өзгелерге ашуланудың өзі, азғындық қана емес, бұзық ойда болудың өзі айыпталады. Сондай-ақ еш жауапкершіліксіз әрекет етіп, отбасын ойран ету және балаларға зардап әкелудің дұрыс емес екендігі айтылады. Біз өзімізді жақтырмайтындарды сүюге, мұқтаждарға көмек көрсетуге, өзгеге аяусыз үкім шығаруды доғаруға және өзгелерді өзіміздей көруге шақырыламыз. Осы кеңестің бәрі өмірде қолданылса, зор пайдасын әкелер еді. Неғұрлым көп адам оларды іс жүзінде қолданса, соғұрлым қоғамымыз жақсара түседі.

Бұл жағынан Иеһова куәгерлерінің біраз жетістіктері бар. Мысалы, Киелі кітап оларды некені құрметтеуге үйретеді. Олар балаларын дұрыс принциптерді қолданып тәрбиелейді. Отбасы өміріне ерекше көңіл бөлінеді. Ал берік отбасылар қоғамымызды, тіпті бүкіл халқымызды нығайтады. Тарихтан білетініміздей, шаңырақ шайқалып, азғындық жайлаған кезде, көп ірі мемлекеттер күйреген. Қаншалықты көп адам, жеке адам не отбасы болсын, Иеһова куәгерлеріне еліктеп Киелі кітаптағы принциптерге сай өмір сүрсе, біздің қоғамда бұзақылық, азғындық және қылмыс соншалықты аз болады.

Барлық нәсілден және ұлттан шыққан адамдар бірге еңбектенеді

Дүниежүзіндегі үлкен проблемалардың бірі — адамды ұлтына қарап алалау. Ал елші Петр былай деген: “Құдайдың адамның бет-жүзіне қарамайтынын енді шынымен біліп алдым. Ол әр ұлттың Өзін қастерлеп, әділетке сай әрекет ететіндерін қабылдайды”. Елші Пауыл болса: “Бұл жерде яһуди мен басқа ұлт адамының, құл мен еріктінің, еркек пен әйелдің арасында айырмашылық жоқ, себебі барлығың Иса Мәсіхпен тығыз байланыста біртұтассыңдар”,— деп жазған (Елшілердің істері 10:34, 35; Ғалаттықтарға 3:28). Иеһова куәгерлері осы сөздерге сай өмір сүреді. Олардың бас басқармасында, филиалдары мен қауымдарында әртүрлі нәсілді және түрлі ұлттан шыққан адамдар бірге өмір сүріп, бірге қызмет етеді.

Біздің қоғамға Киелі кітап прициптерінен басқа не тиімді болуы мүмкін?

Африкада белгілі бір тайпалардың басы қосылса болғаны ұрыс-керіс болады. Алайда Иеһова куәгерлерінің конгрестерінде әртүрлі тайпаның адамдары аралас-құралас болып бірге тамақтанып, бірге тұрады, Құдайға да бірге ғибадат етеді. Шенеуніктер оларға қарап, таң-тамаша қалады. Нью-Йорктен шығатын “Амстердам жаңалықтары” газетінің 1958 жылғы 2-тамыздағы санында шынайы мәсіхшіліктің адамдарды біріктіретіні жөнінде жазылды. Мақала иесінің мұндай сөздер жазуына 25 мың Куәгер қатысқан Нью-Йоркте өткен сол конгресте болғаны ықпал еткен.

“Қайда қарасаң да әлеуметтік жағдайлары әртүрлі, дүниенің бұрыш-бұрышынан келген негрлер, ақ түстілер мен азиялықтар жүздері бал-бұл жайнап, еркін араласып тұрды... 120 елден келген Куәгерлер ың-шыңсыз бірге тұрып, бірге ғибадат етіп жатты, осылай американдықтарға мұның қаншалықты оңай екенін көрсетті... Бұл конгресс адамдардың қалай бірге еңбектеніп, бірге тұра алатынын анық көрсетті”.

Көп адам Киелі кітап принциптері бүгінде тиімді емес деп ойлауы мүмкін. Онда қазір және болашақта не нәрсе тиімді болмақ? Киелі кітап принциптері өмірде қолданылатын болса, бүгінде біздің қоғамға зор пайда әкеледі, ал Құдай Патшалығы орнағанда, барлық ‘ұлттан, халықтан, тілден шыққан’ адамдардың ынтымақтастығының негізі болады (Аян 7:9, 10).

 

2007 жылғы басылым

МұқабаБасыАлдыңғы мақалаКелесі мақала