Олардың дүниежүзілік ұйымы мен куәлік ісі
235-тен аса елде жүріп жатқан куәлік ісін реттеп отыру үшін бірнеше буын қолданылады. Барлық нұсқаулар Бруклинде (Нью-Йорк) орналасқан дүниежүзілік бас басқармадағы Басқарушы кеңестен келеді. Жер-жерде орналасқан филиалдарға Басқарушы кеңестің өкілдері кеңесу үшін жыл сайын келіп тұрады. Ал филиалдарда өз қарауындағы аймақта куәлік ісінің қалай жүріп жатқанын бақылап отыратын 3—7 адамнан тұратын Филиал комитеттері бар. Кей филиалдарда баспаханалар бар, олардың кейбірінде аса жылдам басатын ротациялық машиналар құрылған. Әр филиалдың қарауындағы ел не аймақ облыстарға, ал олар, өз кезегінде, аудандарға бөлінген. Әрбір ауданда 20 шақты қауым бар. Облыстық бақылаушы өз облысындағы аудандарды кезегімен аралайды. Әр ауданда жыл сайын екі конгресс өтеді. Сондай-ақ әр ауданда аудандық бақылаушы да бар. Ол ұйымдастыру және уағыз ісіне қатысты жайттарда қолғабыс ету үшін өз ауданындағы әр қауымға жылына екі рет барып тұрады.
Сіздің аймағыңызда ізгі хабарды жергілікті Патшалық сарайында жиналатын қауым мүшелері таратады. Әр қауымның аймағы кішігірім учаскелерге бөлінген. Ал учаскелер жеке-жеке Куәгерлерге беріліп, олар ондағы әрбір үй иесімен сөйлесуге тырысады. Әр қауымда, ал онда бірнешеден 200-ге дейін Куәгер болады, түрлі жауапкершілік жүктелген ақсақалдар қызмет етеді. Иеһова куәгерлерінің ұйымында ізгі хабарды уағыздайтын жеке жариялаушылар жоғары бағаланады. Қайда қызмет етпесін — дүниежүзілік бас басқармада, филиалдарда не қауымда — әрбір Куәгер Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды өзгелерге айтуымен куәлік ісіне атсалысады.
Ақырында, атқарылған іс туралы есеп дүниежүзілік бас басқармаға жіберліп, жыл сайын шығатын “Жылнамада” және “Күзет мұнарасының” 1 ақпанда шығатын санындағы кестеде көрсетіледі. Осы екі басылымда Иеһова және Иса Мәсіх билік ететін Патшалық туралы куәлік ісінің жыл бойы қалай атқарылғаны туралы егжей-текжейлі есеп жарияланады. Соңғы жылдары Иса Мәсіхтің өлімін Еске алу кешіне шамамен 16 700 000 Куәгер мен қызығушы қатысып жүр. Иеһова куәгерлері ізгі хабарды уағыздауға жылда 1 334 000 000 сағаттан аса уақыт жұмсайды және 250 000-ға жуық адам шомылдыру рәсімінен өтеді. Жүз миллондаған әдебиет таратады.
|