Иеһова куәгерлерінің ресми интернет сайты

Мұқаба Beliefs Future Medical Topics Байланысу Publications Languages

Иеһова куәгерлері. Олар кімдер? Олар неге сенеді?

Алдыңғы мақалаКелесі мақала

Қызығушылардың жиі қоятын сұрақтары

Егер Құдай сүйіспеншілік болса, неге зұлымдыққа жол беріп отыр?

ҚҰДАЙ зұлымдыққа жол беріп отыр, ал миллиондаған адамдар одан аяқ тартатын емес. Мысалы, олар өзара соғысып, арасында балалар бар бейбіт халықты бомбылайды, Жерді ластайды және өзгелерді аштыққа ұшыратады. Миллиондаған адам темекі шегіп, өкпенің қатерлі ісігіне, азғындық жасап, жыныстық жолмен жұғатын ауруларға, ішкілікке салынып, бауыр берішіне тағы сол сияқты бақытсыздықтарға ұшырайды. Мұндай адамдар, шындығына келгенде, зұлымдықтың жойылғанын емес, өз қылықтарына ақтау табылғанын қалайды. Ал істеген істерінің нәтижесін көргенде: “Неге бұған дәл мен ұшырадым?”— деп ашынады. Олар Нақыл сөздер 19:3-те айтылғандай, Құдайды кіналайды: “Өз ақымақтығы адамның жолын бұзар, Содан ол Жаратқанға наразы болар”. Егер Құдай зұлым істеріне тосқауыл қойса, олар “еркімізден айырды” деп наразы болар еді.

Иеһованың зұлымдыққа жол беріп отырғанының басты себебі — Шайтан көтерген дауға жауап беру. Шайтан Ібілістің айтуынша, Құдай жер бетін сынаққа кезіккенде Өзіне адал болып қалатын адамдарға толтыра алмайды (Әйүп 1:6—12; 2:1—10). Иеһова Шайтанға көтерген дауын дәлелдеуге мүмкіндік берді (Мысырдан шығу 9:16). Шайтан әлі де адамдарды қайғы-қасіретке ұшырату арқылы Құдайдан алыстатып, өз сөзінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысып бағуда (Аян 12:12). Алайда әділ кісі Әйүп мінсіздігін сақтап қалған. Иса да солай етті. Ал бүгінде шынайы мәсіхшілер солай етуде (Әйүп 27:5; 31:6; Матай 4:1—11; Петірдің 1-хаты 1:6, 7).

Адамның жердегі жұмақта мәңгі өмір сүретініне сенгім-ақ келеді, бірақ бұл шындық болу үшін тым жақсы болып көрінбей ме?

Киелі кітапқа сай олай емес. Мұның шындық болатындай тым жақсы болып көрінуінің себебі — адам баласының ғасырлар бойы жамандық көріп келе жатқандығында. Иеһова жерді жаратып, адам баласына оны жоюды емес, қайта, әділ ұрпағына толтырып, ондағы өсімдіктер мен жарнуарлардың қамын жасап, көркейтуді тапсырған еді. (“Олар неге сенеді?” және “Олардың сізге айтқысы келетін хабары” атты тарауларды қараңыз.) Жұмақтағы өмір шындық болатындай тым жақсы емес, қайта, қазіргі қасіретке толы өмірдің жалғасып жатқаны тым жаман. Қайғы-қасіреттің орнына Жұмақ келеді.

Киелі кітапты мазақ етіп, онда жазылғандарды аңыз және ғылымға қайшы деп қарастыратындарға қалай жауап беруге болады?

Осы уәдеге сену — аңғалдық емес. “Сенім хабарды естуден келеді”. Құдай Сөзін зерттеп, онда жатқан даналықты көргенде, адамның сенімі нығая түседі (Римдіктерге 10:17; Еврейлерге 11:1).

қазбалар көп. Шынайы ғылым мен Киелі кітап арасында қайшылық жоқ. Ғалымдар кейінірек ашқан келесі даусыз жайттар Киелі кітапта ұзақ уақыт бұрын жазылып кеткен: жердің даму сатыларының реті, жердің дөңгелек және көзге көрінетін тірегі жоқ екені, сондай-ақ жыл құстарының көшетіні (Жаратылыс 1-тарау; Ишая 40:22; Әйүп 26:7; Еремия 8:7).

Киелі кітаптың рухтың жетелеуімен жазылғанын орындалған пайғамбарлықтар дәлелдейді. Мысалы, Даниял пайғамбар дүниежүзілік ірі мемлекеттердің ауысуын, Мәсіхтің келетін және өлімге кесілетін уақытын алдын ала айтқан (Даниял 2, 8-тараулар; 9:24—27). Бүгінде біздің “соңғы дәуірде” өмір сүріп жатқанымызды көрсететін пайғамбарлықтар орындалуда (Тімотеге 2-хат 3:1—5; Матай 24-тарау). Адам болашақты дәл осылай болжай алмайды (Ишая 41:23). Иеһова куәгерлері басып шығарған “Жалпыға арналған кітап” және “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” деген әдебиеттерде көбірек дәлелдер бар.

Киелі кітапқа қатысты сұрақтарға жауап беруді қалай үйренуге болады?

Бұл үшін Киелі кітапты зерттеу және ой жүгірту, сондай-ақ Құдайдан киелі рухы арқылы басшылық беруін сұрау керек (Нақыл сөздер 15:28; Лұқа 11:9—13). Киелі кітапта былай делінген: “Даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді де; Тәңіріміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады” (Жақып 1:5). Сондай-ақ Киелі кітапты зерттеуге арналған оқу құралдары бар. Бірақ әдетте біреудің көмегі қажет болып жатады. Иеһова куәгерлері қызығушылық білдіргендермен үй жағдайында ақысыз Киелі кітапты зерттеу сабақтарын жүргізеді. Олардан осындай көмек сұраудан қысылмаңыз.

Неге көп адам Иеһова куәгерлеріне қарсы және олармен Киелі кітапты зерттеме дейді?

Иса Мәсіх уағыздағанда да қарсылық білдірушілер болған, әрі ол өзінің шәкірттеріне де қарсыласатындар болатынын айтқан. Оның тәліміне қайран қалған адамдарға дін мұғалімдері: “Ол сендерді де алдап кеткен бе?! Әлде басшылар мен парызшылдардың ішінде Оған сенетін біреу болғаны ма?!”— дейтін (Жохан 7:46—48; 15:20). Куәгерлермен Киелі кітапты зерттеме дейтіндердің көбі олар туралы еш нәрсе білмейді не бұрмаланған мәлімет алған. Олармен Киелі кітапты зерттеп, біліміңіз арта ма, жоқ па — өзіңіз көз жеткізіп көріңіз (Матай 7:17—20).

Куәгерлер өз діні бар адамдарға неге келеді?

Бұлай етулерімен олар Иса Мәсіхке еліктейді. Ол өз діні болған яһудилерге уағыздаған, бірақ олардың діні көп жағынан Құдай Сөзіне қайшы келетін (Матай 15:1—9). Барлық ұлттардың, мейлі мәсіхшілік не басқа болсын, өз діні бар. Бірақ адамның нанымдарының Құдай Сөзіне сай болуының маңызы зор. Осы мәселеде көмек ұсынуларымен Куәгерлер маңайындағыларға сүйіспеншілік көрсетеді.

Куәгерлер тек өз дінін ғана дұрыс деп біле ме?

Өз дінін маңызды есептейтін әркім оны дұрыс деп білу керек. Олай болмаса, неге ол дәл сол дінді ұстанады? Мәсіхшілер мынаған шақырылады: “Бәрін сынап, жақсысын ғана қабыл алыңдар!” (Салониқалықтарға 1-хат 5:21) Адам өз нанымдарының Жазбаларға негізделетініне сенімді болуы тиіс, өйткені Құдай жалғыз, демек, жалғыз дін болу керек. Иса Мәсіх құтқарылуға апаратын жолдар да, діндер де көп дейтін бүгінгідей еркін көзқарасты мақұлдамаған. Керісінше, ол: “Шынайы өмірге апаратын қақпа да, жол да тар, соны табатындар аз ғана”,— деген. Иеһова куәгерлері сол жолды тапқандарына сенімді. Олай болмағанда, олар басқа дінді іздер еді (Матай 7:14).

Тек біз аман қаламыз деп ойлай ма?

Жоқ. Ғасырлар бұрын өмір сүрген, әрі Иеһова куәгері болмаған миллиондаған адамдар қайта тіріліп, өмір сүруге мүмкіндік алады. Бүгінгі күні де көп адамның “ауыр азап” келгенге дейін шындық пен әділдік жағына шығуына болады, сонда олар да құтқарылады. Оның үстіне, Иса бір-бірімізге төрелік етпеуіміз керектігін айтқан. Адам өзгенің сырт көрінісіне, ал Құдай жүрегіне қарайды. Ол мұқият қарап, мейірімділікпен төрелік етеді. Құдай үкім етуді бізге емес, Исаға тапсырған (Матай 7:1—5; 24:21; 25:31).

Иеһова куәгерлерінің кездесулеріне баратындардан садақа беру талап етіле ме?

Садақа беруге қатысты елші Пауыл: “Әрқайсың жүректеріңнің шешіміне сай, еш ренішсіз, зорлықсыз барларыңмен бөлісіңдер! Құдай қуанышпен беретіндерді ұнатады”,— деген (Қорынттықтарға 2-хат 9:7). Иеһова куәгерлерінің Патшалық сарайлары мен конгресс өтетін жерлерінде ақша жинау деген нәрсе жоқ. Садақа жасағысы келетіндер үшін арнайы жәшіктер тұрады. Кімнің қанша салып не салмай жатқанын ешкім білмейді: біреулер өзгелерге қарағанда көбірек садақа жасай алады, ал өзге біреулердің мүлдем мүмкіндігі жоқ шығар. Иса садақа беруге қатысты көзқарастың қандай болу керектігін түсіндірген: адамның қанша бергені емес, ықыласы мен пейілі маңызды (Лұқа 21:1—4).

Егер мен Иеһова куәгері болсам, мен де уағыздау керекпін бе?

Адам жерде Жұмақ орнайтыны туралы білім алғанда, оны өзгелерге айтпай тұра алмайды. Сізде солай етер едіңіз. Өйткені бұл — ізгі хабар ғой! (Елшілердің істері 5:41, 42)

Осылайша сіз Иса Мәсіхтің шәкірті екеніңізді көрсетесіз. Киелі кітапта Исаның “адал да шынайы Куәгер” екені айтылған. Ол жерде болғанда, ‘Құдай Патшалығының жер бетіне орнайтын кезі таяп қалғаны’ туралы уағыздаған және шәкірттерін де солай етуге жіберген (Аян 3:14; Матай 4:17; 10:7). Кейінірек, ізбасарларына мынаны бұйырған: “Сондықтан күллі халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп... үйретіңдер!” Сондай-ақ ол заманның ақыры келмей тұрып, ‘Құдай Патшалығы туралы осы Ізгі хабар барлық ұлттарға паш етілу үшін күллі әлемге уағыздалатынын’ алдын ала айтқан (Матай 24:14; 28:19, 20).

Ізгі хабарды таратудың түрлі жолдары бар. Оны жора-жолдастар және таныстармен әңгімелескенде айтуға болады. Кейбіреулер хат жазады не телефон шалады. Өзге біреулер танысын қызықтырады-ау деген әдебиетті пошта арқылы жібереді. Куәгерлер хабарды әрбір адамға жеткізуді қалайды, сондықтан үйме-үй де жүреді.

Киелі кітапта жылулықпен айтылған келесі сөздер бар: “Киелі Рух пен Қалыңдық: — Келе гөр!— деп шақырады. Мұны естіген әркім де “Келе гөр!” десін. Жаны сусаған әркім сыйлық ретінде шынайы өмірдің суын қабылдасын!” (Аян 22:17) Адам Жер бетіндегі Жұмақ пен ондағы баталар жөніндегі ізгі хабарды жүрек қалауы бойынша, өз ықтиярымен айту керек.

Сіздің Иеһова куәгерлері мен олардың ілімі жайлы басқа да сұрақтарыңыз бар екеніне сенімдіміз. Олардың кейбіріне қатысты пікір алысу қажет шығар. Біз сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз. Бұл кітапшада барлық жайттарды қарастыру мүмкін емес, сондықтан жергілікті Куәгерлердің Патшалық сарайына барып не олар үйіңізге келгенде, сұрақтарыңызды қоюыңызға болады. Я болмаса мына мекенжайлардың біріне хат жазып жіберіңіз.

 

2007 жылғы басылым

МұқабаБасыАлдыңғы мақалаКелесі мақала