Иеһова куәгерлерінің ресми интернет сайты

Мұқаба Beliefs Future Medical Topics Байланысу Publications Languages

Иеһова куәгерлері. Олар кімдер? Олар неге сенеді?

Алдыңғы мақала

Біз сізді шақырамыз

Осы кітапша арқылы өзімізді таныстыруға қуанышты болдық. Иеһова куәгерлері жайлы көбірек білгеніңіз сізге де ұнаған болар. Біз сізді жергілікті Патшалық сарайына шақырамыз. Келіп, кездесулеріміздің қалай өтетінін және өзгелерге ізгі хабарды жеткізу үшін күш салып жүргенімізді көріп кетіңіз. Бұл — Иса Мәсіх патшалық еткенде, жерде жұмақ орнайтыны туралы ізгі хабар.

Мұны Құдай уәде еткен. “Біз Құдайдың уәдесіне сай әділдік орнаған жаңа аспан мен жаңа жердің пайда болуын күтудеміз” (Петірдің 2-хаты 3:13). Одан бері талай ғасырлар өтті. Уәденің орындалатын уақыты жақындап қалды. Мұны дүниеде болып жатқан оқиғалардан көруге болады.

‘Иеміздің қайтып келетін күні таяп қалғандықтан, — деген елші Пауыл, — өзара сүйіспеншілік көрсетіп, игілік істеуге қозғау салудың қамын ойлайық. Сенушілердің жиналыстарына бармай қалмайық’ (Еврейлерге 10:24, 25). Сізді Пауылдың кеңесіне құлақ асып, біздің кездесуімізге келуге шақырамыз.

Өзіңізге жолыққанын қалар ма едіңіз?

 

2007 жылғы басылым

МұқабаБасыАлдыңғы мақала