Иеһова куәгерлерінің ресми интернет сайты

Мұқаба Beliefs Future Medical Topics Contact Us Publications Languages

Шындықты
білгіңіз келе ме?

Ұқсас тақырыптар:

Әңгіме қандай шындық жөнінде болып отыр? Әдетте адамдарды мазалайтын ең маңызды сұрақтарға қатысты шындық жөнінде. Бәлкім, сізді келесідей сұрақтар толғандыратын шығар:

Бұл сұрақтардың жауабын қайдан табуға болады? Кітапханалар мен кітап дүкендерінде осы тақырыптарға жазылған кітаптар көп шығар. Алайда олардың кейбірі бір-біріне қайшы келсе, өзге біреулері кезінде тиімді болып көрінгенмен, көп ұзамай ескіріп, өңделіп не орнына басқалары шығып жатады.

Бірақ сенімді жауаптарды табуға болатын бір кітап бар. Бұл — шындық жазылған кітап. Иса пайғамбар Құдайға айтқан дұғасында: “Сенің сөзің — шындық”,— деген (Жохан 17:17). Бүгінде бұл Сөз бізге Киелі жазбалар, немесе Киелі кітап, ретінде танымал. Келесі беттерде жоғарыдағы сұрақтарға Киелі кітап қалай жауап беретіні қысқаша қарастырылады. Оның жауаптары анық әрі сенім артуға тұрарлық.

Құдай шынымен біздің қамымызды ойлай ма?

Қалың тобыр қоршаған адам

БҰЛ СҰРАҚТЫҢ ТУЫНДАУ СЕБЕБІ: Бүгінде қайда қарамайық, қатыгездік пен әділетсіздікті көреміз. Көп діндер мұны Құдайдың еркімен болып жатыр деп үйретеді.

КИЕЛІ КІТАП МЫНАҒАН ҮЙРЕТЕДІ: Зұлымдық ешқашан Құдайдан келмейді. Ишая пайғамбар былай деп жазған: “Мен әділдікті сүйіп, зорлық-зомбылықты жек көремін,— дейді Жаратқан Ие” (Ишая 61:8). Құдайдың адамзатқа қатысты сүйіспеншілікке толы ниеті бар. Сондықтан Иса пайғамбар: “Көктегі Әкеміз!.. Сенің еркің көкте орындалғандай, Жер бетінде де орындала берсін!”— деп дұға етуді үйреткен (Матай 6:9, 10). Құдай өз ниеті жүзеге асу үшін көп нәрсе істеген. Бұдан оның шынымен біздің қамымызды ойлайтыны көрінеді (Жохан 3:16).

Жаратылыс 1:26—28; Жақып 1:13; Петірдің 1-хаты 5:6, 7-ні де қараңыз.

Соғыс пен қайғы-қасірет болмайтын кез келе ме?

Сарбаздар

БҰЛ СҰРАҚТЫҢ ТУЫНДАУ СЕБЕБІ: Соғыс әлі де сансыз көп адамды жалмауда. Бұл жалғанда басына қайғы-қасірет түспеген адам жоқ шығар.

КИЕЛІ КІТАП МЫНАҒАН ҮЙРЕТЕДІ: Құдай бүкіл жер бетінде тыныштық орнайтын кез келеді деп уәде етеді. Құдайдың өзі жер бетіне билік еткенде, адамдар “соғысуды тіптен үйренбейді”, қайта, ‘қылышты соқаға айналдырады’ (Ишая 2:4). Ол әділетсіздік пен қасірет атаулыны түп тамырымен жояды. Киелі кітапта мынадай уәде жазылған: “[Құдай] барлық көздің жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі [бүгінгі әділетсіздік пен қайғы-қасіретті қоса алғанда] бұрынғы әлем құрып, жоқ болды” (Аян 21:3, 4).

Нақыл сөздер 2:21, 22; Забур 45:10; Ишая 2:2, 3-ті де қараңыз.

Өлген соң адаммен не болады?

Мола

БҰЛ СҰРАҚТЫҢ ТУЫНДАУ СЕБЕБІ: Дүниедегі діндердің басым көпшілігі адамның тәні өлсе де, жаны өмір сүре береді деп үйретеді. Кейбіреулер ата-бабаларының аруағы желеп-жебейді немесе зияндық жасайды деп сенеді. Ал өзге біреулер Құдай зұлымдарды тозақ отында мәңгі азаптайды деп ойлайды.

КИЕЛІ КІТАП МЫНАҒАН ҮЙРЕТЕДІ: Адам өлгенде, тіршіліктен ғайып болады. Киелі жазбада: “Өлілер ештеңені білмейді”,— делінген (Екклесиаст 9:5, ЖД). Өлген адамдар ештеңені білмейтін де, сезбейтін де болса, олар тірілерге жақсылық та, жамандық та істей алмайды (Забур 145:3, 4).

Жаратылыс 3:19; Екклесиаст 9:6, 10-ды да қараңыз.

Өмірден өткендер үшін үміт бар ма?

Жақынынан айырылған қыз бала

БҰЛ СҰРАҚТЫҢ ТУЫНДАУ СЕБЕБІ: Біз өмір сүргіміз келеді, сондай-ақ жақын адамдарымыздан айырылғымыз келмейді. Әдетте біз өмірден өткен сүйікті адамдарымызды қайтадан көруді аңсаймыз.

КИЕЛІ КІТАП МЫНАҒАН ҮЙРЕТЕДІ: Өлген адамдардың көбісі қайта тіріледі. Иса пайғамбар: “Өлгендер қабірден шығады”,— деп уәде еткен (Жохан 5:28, 29). Құдайдың о бастағы ниеті бойынша, адамдар жер бетіндегі жұмақта өмір сүрулері керек еді. Қайта тірілгендердің осындай мүмкіндігі болады (Ишая 65:21—25). Уәде етілген жұмақта адамдардың денсаулығы мықты болады әрі олар мәңгі өмір сүреді. Киелі кітапта былай делінген: “[Құдай] барлық көздің жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (Аян 21:4).

Әйүп 14:14, 15; Матай 5:5; Лұқа 7:11—17; Елшілердің істері 24:15-ті де қараңыз.

Құдай есту үшін оған қалай сиыну керек?

Дұға етіп отырған адам

БҰЛ СҰРАҚТЫҢ ТУЫНДАУ СЕБЕБІ: Діндердің барлығында дерлік адамдар Құдайға сиынып дұға етеді. Бірақ олардың көбісі дұғалары жауапсыз қалатындай сезінеді.

КИЕЛІ КІТАП МЫНАҒАН ҮЙРЕТЕДІ: Иса пайғамбар дұға етуді үйреткенде, “көп сөз” айтатын кейбіреулер сияқты ‘құр сөз сөйлей бермеу’ керектігін айтқан (Матай 6:7). Бұл жаттанды сөздерді қайталай беруден аулақ болуды білдіреді. Құдай бізді тыңдасын десек, дұғамыз оған ұнамды болу керек. Бұл үшін Құдайдың еркін біліп, соған сай дұға еткен дұрыс. Киелі кітапта: “Біз оның еркіне сай бір нәрсе сұрасақ, Құдай тілегімізге құлақ салады”,— делінген (Жоханның 1-хаты 5:14).

Забур 64:3; Жохан 14:6, 14; Жоханның 1-хаты 3:22-ні де қараңыз.

Адамды бақытты ететін не?

Киелі кітапты оқып, бақыт тапқысы келген әйел

БҰЛ СҰРАҚТЫҢ ТУЫНДАУ СЕБЕБІ: Көпшіліктің ойынша, адамды бақытты ететін — ақша, атақ-даңқ немесе сұлулық. Сондықтан олар осындай нәрселердің соңына түседі, бірақ бақытқа енді қол жеткіздім дегенде, жаңылысқандарын түсінеді.

КИЕЛІ КІТАП МЫНАҒАН ҮЙРЕТЕДІ: Иса пайғамбар бақыттың кілті неде екенін көрсетіп: “Құдай Сөзін естіп, оны орындаушылар одан бетер бақытты!”— деген (Лұқа 11:28). Біз ең басты қажеттілігімізді — рухани аш екенімізді — мойындап, Құдай мен оның бізге қатысты ниеті жайлы шындықты білуге қам жасасақ қана нағыз бақытқа қол жеткізе аламыз. Бұл шындықты Киелі кітаптан табуға болады. Ол өмірде ненің шынымен маңызды, ал ненің маңызды емес екенін ажырата білуге көмектеседі. Киелі кітаптың басшылығын ескере отырып, әрекет ететін немесе шешім қабылдайтын болсақ, өміріміз анағұрлым мағыналы болады.

Нақыл сөздер 3:5, 6, 13—18; Тімотеге 1-хат 6:9, 10-ды да қараңыз.

Біз осы алты сұраққа Киелі кітап қалай жауап беретінін қысқаша ғана қарастырдық. Сіздің көбірек білгіңіз келер ме еді? Шындықты іздеп жүрген болсаңыз, білгіңіз келері анық. Сізді мынадай сұрақтар да қызықтыратын шығар: “Құдай қамымызды ойлайтын болса, неге ол соншама көп зұлымдық пен қайғы-қасіреттің болуына жол берген? Отбасы өмірін қалай берекелі етуге болады?” Киелі кітапта осы және басқа да көптеген сұрақтарға толық әрі қанағаттандырарлық жауаптар бар.

Алайда бүгінде көп адамның Киелі кітапты оқуға құлқы жоқ. Оларға бұл кітап қалың әрі түсінуге қиын болып көрінеді. Сіз сұрақтарыңыздың жауабын Киелі кітаптан табуға біреудің көмектескенін қалар ма едіңіз? Иеһова куәгерлері мұның екі жолын ұсынады.

Біріншіден, қолы тимейтін адамдар үшін зор көмек болатын “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабын оқып шығуыңызға болады. Одан маңызды сұрақтарыңызға Киелі кітапқа негізделген анық жауаптар аласыз. Екіншіден, біз сізге үй жағдайында Киелі кітапты ақысыз зерттеуді ұсынамыз. Жақын жерде тұратын Иеһова куәгерлерінің бірі сізбен апта сайын Киелі кітапты зерттеу үшін үйіңізге немесе өзіңізге ыңғайлы басқа жерге келуге қуанышты болады. Дүниежүзі бойынша миллиондаған адам осындай зерттеудің пайдасын көрген. Олардың көбісі: “Мен шындықты таптым!”— деген тұжырым жасаған.

Бұдан артық нәрсе бар ма!? Киелі кітаптағы шындық бізді ырымшылдықтан, шарасыздық күй мен үрейден азат етеді. Ол үміт пен қуаныш сыйлайды, сондай-ақ өмірімізді мағыналы етеді. Иса пайғамбар: “Ақиқатты біле түсесіңдер, ал ақиқат сендерді азаттыққа жеткізеді”,— деген (Жохан 8:32).

1. Киелі кітаптың не нәрсеге үйрететінін біліп жатқан адам; 2. Киелі кітаптың не нәрсеге үйрететінін біліп жатқан әйел

2008 жылы басылған

Басы