| Құдай бізден нені талап етеді? | 1-сабақ |
Құдайдың талаптарын білудің жолы |
|
| Киелі кітапта қандай маңызды мәліметтер бар? (1) | |
| Оның авторы кім? (2) | |
| Неліктен Киелі кітапты зерттеу керек? (3) | |
1. Киелі кітап — Құдайдың құнды сыйы. Ол сүйікті әкенің балаларына жазған хатына теңеледі. Киелі кітапта Құдай туралы шындық айтылған: Ол кім және оның талаптары қандай? Онда қиыншылықтарды қалай жеңуге және шынайы бақытты қалай табуға болатындығы түсіндіріледі. Құдайға қалай жағуға болатындығын тек содан ғана білуге болады (Забур 1:1—3; Ишая 48:17, 18).
2. Киелі кітапты, б. з. б. 1513 жылдан бастап, 1 600 жыл бойы 40-қа жуық әр түрлі адамдар жазған. Киелі кітап 66 кітапшадан тұрады. Оның жазушыларын Құдайдың рухы жетелеп отырған. Олар өздерінің емес, Құдайдың ойын жазған. Сондықтан Киелі кітаптың Авторы — адам емес, аспанда өмір сүретін Құдай (2 Тімоте 3:16, 17; 2 Петір 1:20, 21). 3. Құдай Киелі кітаптың дәл көшіріліп, сақталуына жағдай жасаған. Киелі кітаптың таралым саны кез келген басқа кітаптан асып түседі. Сіздің Киелі кітапты оқып білгеніңізге бәрі қуанышты бола бермейді, бірақ ешкімнің сізге кедергі жасауына жол бермеңіз. Құдайдың білімі және оның еркінің орындалуы — қарсылықтарға қарамастан, сіздің мәңгілік болашағыңыздың кепілі (Матай 5:10—12; Жохан 17:3). |
1996 жылы басылған |
|
Copyright © 2008 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania. All rights reserved. |
|