Иеһова куәгерлерінің ресми интернет сайты

Мұқаба Beliefs Future Medical Topics Contact Us Publications Languages
Құдай бізден нені талап етеді? 2-сабақАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Құдай деген кім?

Шын Құдай кім және оның есімі кім? (1, 2)
Оның денесі қандай? (3)
Оның ең негізгі қасиеттері қандай? (4)
Оған ғибадат еткенде бейнелерді және рәміздерді қолдану керек пе? (5)
Құдайды қандай екі жолмен танып білуге болады? (6)

1. Адамдар көп нәрселерге табынады. Бірақ Киелі кітапта жалғыз ғана ШЫН Құдай бар делінген. Ол көк пен жердегінің барлығын жаратқан. Ол бізге өмір бергендіктен, тек Жалғыз оған ғибадат етуіміз керек (1 Қорынттықтарға 8:5, 6; Аян 4:11).

2. Құдайдың лауазымдары көп, бі-рақ есімі біреу ғана. Құдайдың есімі — ИЕҺОВА. Киелі кітаптың көптеген аудармаларында Құдайдың есімі алып тасталынып, Тәңір және Құдай деген лауазымдармен ауыстырылған. Бірақ Киелі кітаптың түпнұсқасында “Иеhова” деген есім шамамен 7 000 рет кездескен! (Мысырдан көшу 3:14; Осия 12:5).

3. Иеhованың денесі бар, бірақ біздікінен өзгеше. “Құдайдың Өзі — Рух”,— дейді Киелі кітап (Жохан 4:24). Рух — біздің өмірімізден әлдеқайда жоғары өмірдің түрі. Құдайды ешкім, ешқашан көрген емес. Иеhова аспанда өмір сүрсе де, барлығын көреді (Забур 10:4, 5; Жохан 1:18). Ал киелі рух дегеніміз не? Бұл Құдай секілді өзіндік қасиеттері бар тұлға емес. Бұл — Құдайдың әрекет етуші күші (Забур 103:30).

4. Киелі кітапта Иеhованың қандай Тұлға екендігі ашылады. Оның негізгі қасиеттері: сүйіспеншілік, әділдік, даналық және күш екендігі көрсетіледі (Заңды қайталау 32:4; Әйүп 12:13; Ишая 40:26; 1 Жохан 4:8). Киелі кітапта Құдай сондай-ақ қайырымды, мейірбан, кешіруге дайын, кеңпейілді және шыдамды делінген. Біз тіл алғыш баладай, оған еліктеуге тырысуымыз керек (Ефестіктерге 5:1, 2).


Біз Құдай туралы оның жаратқандарынан және Киелі кітаптан біле аламыз

5. Құдайға бас ие отырып, бейнелерді, суреттерді, рәміздерді құрметтеу және оларға дұға ету керек пе? Жоқ (Мысырдан көшу 20:4, 5). Иеhова бізге тек өзіне ғана бас июге міндетті екендігімізді айтады. Ол өзінің даңқын тағы біреумен немесе бір нәрсемен бөліспейді. Бейнелер бізге көмек беруге дәрменсіз (Забур 113:12—16; Ишая 42:8).

6. Құдайды қалайша жақсырақ білуге болады? Ондай жолдардың бірі — оның жаратқан нәрселерінің барлығын қарастыра отырып, олар не жайлы айтып тұрғандығы жөнінде терең ойлану. Құдайдың жаратқандары, Оның ұлы күштің және даналықтың иесі екендігін көрсетеді. Жаратқан нәрселерінің барлығында Оның сүйіспеншілігі көрініп тұрады (Забур 18:2—7; Римдіктерге 1:20). Кұдай туралы білудің екінші жолы — Киелі кітапты зерттеу. Сол кітап арқылы, ол өзінің қандай Құдай екендігін көбірек айтады. Сондай-ақ өзінің ниетін және бізден не талап ететіндігін хабарлайды (Амос 3:7; 2 Тімоте 3:16, 17).

 

1996 жылы басылған

МұқабаБасыАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Copyright © 2008 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania. All rights reserved.