Иеһова куәгерлерінің ресми интернет сайты

Мұқаба Beliefs Future Medical Topics Contact Us Publications Languages
Құдай бізден нені талап етеді? 3-сабақАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Иса Мәсіх деген кім?

Иса неге Құдайдың “тұңғыш ұлы” деп аталған? (1)
Ол неге “Сөз” деп аталған? (1)
Иса неге жерге адам болып келген? (2—4)
Неге ол кереметтер жасады? (5)
Иса жақын болашақта не істейді? (6)

1. Иса жерге келместен бұрын, рухани тұлға ретінде көкте өмір сүрген. Иса — Құдайдың бірінші жаратылысы, сондықтан ол Құдайдың “тұңғыш Ұлы” деп аталды (Қолостықтарға 1:15; Аян 3:14). Иса — Құдайдың өзі жаратқан жалғыз Ұлы. Иеhова қалған көк пен жердегінің барлығын жаратқанда, адам болғанға дейінгі Исаны “шебер көмекшісі” ретінде қолданған (Нақыл сөздер 8:22—31, [ЖД]; Қолостықтарға 1:16, 17). Сондай-ақ Құдай оны Өзінің бас өкілі етіп қолданған. Сол себепті Иса “Сөз” деп аталды (Жохан 1:1—3; Аян 19:13).

2. Өмірін Мәриямның құрсағына аудару арқылы, Құдай өзінің Ұлын жерге жіберді. Сол себепті Исаның адам баласынан әкесі болған емес. Міне, сондықтан ол күнә мен кемелсіздікті мұра етіп алған жоқ. Құдай Исаны үш себеппен жерге жіберген: 1) Құдай туралы ақиқатқа үйрету үшін (Жохан 18:37), 2) кемелді адалдығын сақтап, бізге еліктеуге үлгі көрсету үшін (1 Петір 2:21), 3) адамзатты күнә мен өлімнен босату үшін. Бұл неге қажет болды? (Матай 20:28).

3. Алғашқы адам — Адам ата Құдайдың бұйрығын тыңдамады. Бұл әрекет Киелі кітапта “күнә” деп аталады. Сондықтан Құдай Адамды өлім жазасына кесті (Жаратылыс 3:17—19). Ол енді Құдайдың талаптарына сай келмей, кемелді болудан қалды. Бара-бара Адам қартайды да, өлді. Ол ұрпақтарының бәріне күнәні мұра етіп қалдырды. Міне сондықтан біз де қартаямыз, ауырамыз, сосын өлеміз. Адамзатты қалай құтқаруға болар еді? (Римдіктерге 3:23; 5:12).

4. Иса Адам секілді, кемелді адам болған. Бірақ Адамға қарағанда Иса барлық уақытта, тіпті ең қатаң сынақта да, Құдайға толықтай мойынсұнған. Сондықтан ол өзінің кемелді адам өмірін құрбан етіп, Адамның күнәсі үшін ақы төлей алды. Бұл жайлы Киелі кітапта “төлем” деп айтылады. Осылайша Адамның ұрпақтары өлім жазасынан құтқарыла алатын болды. Исаға сенгендердің барлығының күнәсі кешіріледі. Сондай-ақ олардың мәңгілік өмірге ие болуға мүмкіндіктері бар (1 Тімоте 2:5, 6; Жохан 3:16; Римдіктерге 5:18, 19).



Исаның қызметі тәлім беруден, кереметтер жасаудан және біз үшін өмірін беруден тұрды

5. Жерде өмір сүрген кезінде, Иса ауруларды жазды, ашыққандарды тамақтандырды және дауылдарды басты. Ол тіпті өлілерді де қайта тірілтті. Неге ол кереметтер жасады? 1) Азап шеккен адамдарды аяғандықтан, оларға көмек көрсеткісі келді. 2) Кереметтері оның Құдай Ұлы екендігін дәлелдеді. 3) Бұл кереметтер, ол жерге патшалық еткен кезінде, тіл алғыш адамзатқа не істейтіндігін көрсетті (Матай 14:14; Марқа 2:10—12; Жохан 5:28, 29).

6. Иса өлді де, Құдай оны рухани тұлға ретінде қайта тірілтіп, ол көкке оралды (1 Петір 3:18). Ал кейінірек Құдай оны Патша етіп тағайындады. Жақын арада Иса жер бетінен барлық зұлымдық пен қайғы-қасіретті жояды (Забур 36:9—11; Нақыл сөздер 2:21, 22).

 

1996 жылы басылған

МұқабаБасыАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Copyright © 2008 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania. All rights reserved.