Иеһова куәгерлерінің ресми интернет сайты

Мұқаба Beliefs Future Medical Topics Байланысу Publications Languages
Құдай бізден нені талап етеді? 4-сабақАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Ібіліс деген кім?

Шайтан Ібіліс қайдан шықты? (1, 2)
Шайтан адамдарды қалай алдайды? (3—7)
Біз неге Ібіліске қарсы тұруымыз керек? (7)

1. “Ібіліс” деген сөз, біреу туралы қастықпен өтірік айтушыны білдіреді. “Шайтан” деген “дұшпан” немесе “қарсылас” дегенді білдіреді. Құдайдың бас дұшпаны осындай аттарға ие болып жүр. Әуел баста ол Құдаймен бірге аспанда өмір сүрген кемелді періште еді. Бірақ кейінірек өзі туралы тым көп ойлай бастады да, Құдайға тиесілі ғибадатты өзіне қалады (Матай 4:8—10).

2. Осы періште, Шайтан, жылан арқылы Хауамен сөйлесті. Ол өтірік айтып, Хауаның Құдайға мойынсұнбауына себепші болды. Осылайша Шайтан Құдайдың жоғарғы “билігін”, немесе бәрінен жоғарғы дәрежесін, сынға салды. Шайтан Құдайдың дұрыс билік жүргізіп отырғанына және Өзінің қол астындағыларының мүддесін ескеретіндігіне күмән келтірді. Сондай-ақ, ол адамдардың Құдайға шексіз берілгендігін сақтай алатынына шек келтірді. Өзінің осындай қылығымен Шайтан Құдайдың жауына айналды. Міне, сол себептен ол Шайтан Ібіліс деп аталатын болды (Жаратылыс 3:1—5; Әйүп 1:8—11; Аян 12:9).

3. Өзіне табындыру үшін, Шайтан адамдарды алдауға тырысуда (2 Қорынттықтарға 11:3, 14). Оның адамдарды алдайтын әдістерінің бірі — жалған дін. Егер дін Құдай туралы жалған ілімге оқытатын болса, онда Шайтанның мақсатына қызмет еткені (Жохан 8:44). Жалған діннің жолын ұстанушылар ақиқат Құдайға бас иіп жүрміз деп шын көңілден ойлауы мүмкін. Бірақ шын мәнінде олар Шайтанға қызмет етуде. Ол — “осы... дүниенің “тәңірі” (2 Қорынттықтарға 4:4).

Адамдарды адастыратын жалған дін, спиритизм және ұлтшылдық

4. Адамдарды өз билігіне бағындырудағы Шайтанның келесі әдісі — спиритизм. Өздерін қорғасын, басқа адамдарға зиян келтірсін, болашағын болжасын және кереметтер жасасын деген ниетпен адамдар рухтарды шақырады. Бұндай әрекеттердің бәрінің артында тұрған зұлым күш — Шайтан. Құдайға жағу үшін спиритизммен ешқандай байланыста болмауымыз керек (Заңды қайталау 18:10—12; Елшілердің істері 19:18, 19).

5. Сонымен қатар, Шайтан адамдарды бойларында ұлтшылдық сезім ояту және саяси ұйымдарға бас идіру арқылы алдайды. Кейбір адамдар өз ұлтын немесе нәсілін басқалардан артық деп санайды. Бірақ бұл дұрыс емес (Елшілердің істері 10:34, 35). Өзгелері адамзаттың қиыншылықтарының шешімін саяси ұйымдардан күтеді. Осылай етуімен олар Құдай Патшалығынан бас тартады. Алайда адамзатты қиыншылықтардан құтқаратын — тек Құдай Патшалығы (Даниял 2:44).

Иеhова туралы білуді жалғастыра отырып, Шайтанға қарсылық көрсетіңіз

6. Шайтанның адамдарды алдайтын тағы да бір әдісі — оларды күнәкар құмарлықтарымен азғыру. Иеhова бұл күнәкар әдет-қылықтар зиян әкелетінін білгендіктен, олардан құтылуға әмір етеді (Ғалаттықтарға 6:7, 8). Кейбір күнә жасауға әдеттеніп қалған адамдар, сіздің де оларға қосылғаныңызды қалайтын шығар. Бірақ есіңізде болсын, шын мәнінде сіздің осылай еткеніңізді қалайтын Шайтан (1 Қорынттықтарға 6:9, 10; 15:33).

7. Иеhовадан алыстату үшін, Шайтан қудалау мен қарсылық көрсетуді қолдануы мүмкін. Киелі кітапты оқып жүргеніңізге жақын туыстарыңыздың бірі қатты ашулануы мүмкін. Өзгелері сізді келеке етіп, күлуі де ықтимал. Бірақ сіз өміріңіз үшін кімге борыштысыз? Иеhова туралы білуді доғарсын деп, Шайтан сізді қорқытқысы келеді. Шайтанның үстем болуына жол бермеңіз! (Матай 10:34—39; 1 Петір 5:8, 9). Шайтанға қарсылық көрсетуіңіз арқылы, сіз Иеhоваға қуаныш әкелесіз және Оның билігі жағында екендігіңізді көрсетесіз (Нақыл сөздер 27:11).

 

1996 жылы басылған

МұқабаБасыАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Copyright © 2011 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania. All rights reserved.