| Құдай бізден нені талап етеді? | 5-сабақ |
Құдайдың жерге байланысты ниреті қандай? |
|
| Иеһова жерді не үшін жаратқан? (1, 2) | |
| Жер қазір неліктен жұмақ емес? (3) | |
| Зұлым адамдармен не болады? (4) | |
| Иса болашақта аурулар, кәрілер, өлгендер үшін не істейді? (5, 6) | |
| Болашақ баталарды алу үшін не істеу керек? (7) | |
1. Иеhова жерді адамдар онда мәңгі және бақытты ғұмыр кешсін деп жаратты. Ол жерді әрдайым әділ, қуанышты адамзат мекендегенін қалады (Забур 113:24; Ишая 45:18). Жер ешқашан да жойылмайды; ол мәңгілік бар болады (Забур 103:5; Екклесиаст 1:4). 2. Құдай адамды жаратпас бұрын, жерден орын таңдап алып, онда ғажап жұмақ жаратып, оны “Едем бағы” деп атады. Алғашқы еркек пен әйел — Адам мен Хауаны сонда орналастырды. Құдай олардың балалары болып, бүкіл жер бетін толтырғанын қалады. Бірте-бірте адамдар бүкіл жер бетін жұмаққа айналдырған болар еді (Жаратылыс 1:28; 2:8, 15).
3. Құдайдың заңын біле тұра бұзғандықтан, Адам мен Хауа күнә жасады. Сондықтан Иеhова оларды Едем бағынан қуып жіберді. Жұмақ жоғалтылды (Жаратылыс 3:1—6, 23). Бірақ Иеhова жерді не үшін жаратқандығын ұмытқан жоқ. Ол жерді адамдар мәңгі өмір сүретін жұмаққа айналдыруға уәдесін берді. Құдай өз ниетін қалай іске асырады? (Забур 36:29). 4. Жер беті жұмақ болмай тұрып, зұлым адамдар жойылу керек (Забур 36:38). Бұл — Құдайдың зұлымдықты жоятын шайқасы — Һар-Магедонда болады. Содан кейін Шайтан 1 000 жылға кісенделіп тасталынады. Бұл — жерге зиян келтіретін ешкім болмайды деген сөз. Тек Құдайдың халқы ғана тірі қалады (Аян 16:14, 16; 20:1—3). 5. Жер беті жұмақ болмай тұрып, зұлым адамдар жойылу керек (Забур 36:38). Бұл — Құдайдың зұлымдықты жоятын шайқасы — Һар-Магедонда болады. Содан кейін Шайтан 1 000 жылға кісенделіп тасталынады. Бұл — жерге зиян келтіретін ешкім болмайды деген сөз. Тек Құдайдың халқы ғана тірі қалады (Аян 16:14, 16; 20:1—3). 6. Исаның Мыңжылдық Билігі кезінде, Құдайға адал адамдар бүкіл жер бетін жұмаққа айналдырады (Лұқа 23:43). Сондай-ақ, Құдай миллиондаған өлген адамдарды жер бетіндегі өмірге қайта тірілтеді (Елшілердің істері 24:15). Егер осы адамдар Құдайдың талаптарын орындайтын болса, онда жер бетінде мәңгі өмір сүреді, ал орындамайтын болса мүлдем жойылады (Жохан 5:28, 29; Аян 20:11—15). 7. Осылайша Құдайдың жер үшін әуел баста ойластырып қойғанының барлығы да ойдағыдай орындалады. Сіздің болашақта осы баталарға ие болғыңыз келе ме? Ол үшін Иеhова жайлы білуді жалғастыра беру керек және оның талаптарын орындау керек. Бұған жақын арадағы Патшалық Сарайында өтетін, Иеhова Куәгерлерінің кездесуіне қатысуыңыз көмектеседі (Ишая 11:9; Еврейлерге 10:24, 25).
|
1996 жылы басылған |
|
Copyright © 2011 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania. All rights reserved. |
|