| Құдай бізден нені талап етеді? | 6-сабақ |
Құдай Патшалығы деген не? |
|
| Құдай Патшалығы қайда орналасқан? (1) | |
| Оның Патшасы кім? (2) | |
| Патшамен бірге тағы да билік етушілер бар ма? Бар болса, олардың саны қанша? (3) | |
| Біздің соңғы күндері өмір сүріп жатқандығымыз неден көрінеді? (4) | |
| Құдай Патшалығы болашақта адамзат үшін не істейді? (5—7) | |
1. Иса жерде болған кезінде, өзінің ізбасарларына Құдай Патшалығының келуі туралы дұға айтуды үйретті. Патшалық — бұл патша басқаратын үкімет. Құдай Патшалығы — ерекше үкімет. Ол көкте орнатылған және жерге билік жүргізетін болады. Патшалық Құдайдың есімін киелі етеді. Ол Құдайдың еркі көкте ғана емес, жерде де орындалуын қамтамасыз етеді (Матай 6:9, 10).
2. Құдайдың уәдесі бойынша, Өзінің Патшалығының Патшасы Иса болуы керек (Лұқа 1:30—33). Жерде болған кезінде Иса мейірімді, әділетті, кемелді Басқарушы болатындығын дәлелдеді. Көкке оралған соң, Иса Құдай Патшалығының Патшасы ретінде таққа бірден отырған жоқ (Еврейлерге 10:12, 13). Иеhова Исаға уәде етілген билікті 1914 жылы берді. Иса сол уақыттан бастап, Иеhова тағайындаған көктегі Патша болды (Даниял 7:13, 14). 3. Сондай-ақ, Иеhова жерден көкке көтерілулері үшін кейбір сенімді ерлер мен әйелдерді де таңдап алды. Олар Исамен бірге патшалар, билер, дін қызметкерлері ретінде адамзаттың үстінен билік жүргізетін болады (Лұқа 22:28—30; Аян 5:9, 10). Иса Патшалықта Өзімен бірге басшылық жүргізетіндерді “кішкентай қора” деп атады. Олардың саны — 144 000 (Лұқа 12:32; Аян 14:1—3). 4. Иса Патша болысымен, Шайтан мен оның зұлым періштелерін көктен жердің маңына қуып жіберді. 1914 жылдан бері жердегі жағдайлардың тіптен нашарлап кеткендігі де сондықтан (Аян 12:9, 12). Соғыстар, ашаршылық, індеттер, заңсыздықтардың көбеюі— бұлардың бәрі, Исаның билік етіп жатқандығын және осы дүниенің соңғы күндерін білдіретін “белгінің” бөліктері (Матай 24:3, 7, 8, 12; Лұқа 21:10, 11; 2 Тімоте 3:1—5). 5. Шопан қойларын серкелерден бөлгендей, жақында Иса адамдарды бөліп, оларға үкім шығарады. “Қойлар” — өздерін Оның қол астындағы сенімді азамат ретінде көрсететіндер. Олар жер бетіндегі мәңгілік өмірге ие болады. “Серкелер” — Құдай Патшалығын қабыл алмайтындар (Матай 25:31—34, 46). Жақын болашақта Иса серкелерге теңелгендердің бәрін жояды (2 Салониқалықтарға 1:6—9). Егер Исаның “қойларының” арасында болғыңыз келсе, Патшалық туралы хабарды тыңдап, білгендеріңізді өмірде қолдануыңыз керек (Матай 24:14).
6. Қазіргі кезде жер бетінде көптеген елдер орналасқан. Әрбір елдің өз үкіметі бар. Халықтар жиі бір-біріне қарсы соғысып жатады. Бірақ, барлық адамзат үкіметтерінің орнын Құдай Патшалығы басатын болады. Бұл — бүкіл жер бетіне билік ететін жалғыз үкімет (Даниял 2:44). Сол кезде соғыс, қылмыс және зорлық-зомбылық болмайды. Барлық адамдар бейбітшілік пен бірлікте өмір сүретін болады (Михей 4:3, 4). 7. Исаның Мыңжылдық Билігі кезінде әділ адамдар кемелділікке жетеді, ал бүкіл жер беті жұмаққа айналады. Иса осы мыңжылдықтың аяғында Құдайдың өзіне тапсырғандарының бәрін орындайды. Содан соң, ол Патшалықты Әкесіне қайта тапсырады (1 Қорынтықттарға 15:24). Құдай Патшалығы істейтін нәрселер туралы достарыңыз бен жақындарыңызға неге айтып бермеске? |
||
1996 жылы басылған |
|
Copyright © 2008 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania. All rights reserved. |
|