| Құдай бізден нені талап етеді? | 7-сабақ |
Құдайға дұға арқылы жақындау |
|
| Дұға етуді әдетке айналдыру неліктен маңызды? (1) | |
| Кімге және қалай дұға ету керек? (2, 3) | |
| Не туралы дұға еткен дұрыс? (4) | |
| Қай уақытта дұға етуге болады? (5, 6) | |
| Құдай дұғалардың бәрін тыңдай ма? (7) | |
1. Дұға — бұл Құдаймен кішіпейілділікпен сөйлесу. Құдайға дұға етуді әдетке айналдыру керек. Сонда онымен жан досыңыздай жақын бола аласыз. Иеhова ұлы және шексіз құдіретті болса да, біздің дұғамызды тыңдайды. Құдайға сіз үнемі дұға етіп жүрсіз бе? (Забур 64:3; 1 Салониқалықтарға 5:17).
2. Дұға — ғибадат етудің бір бөлігі. Сондықтан тек Иеhова Құдайға дұға ету керек. Иса жерде болған кезінде, басқа біреуге емес, әрқашан өзінің Әкесіне дұға еткен. Біз де дәл солай істеуге тиістіміз (Матай 4:10; 6:9). Алайда барлық дұғаларымызды Иса арқылы жолдауымыз керек. Бұнымен біз Исаның дәрежесін құрметтейтінімізді және оның құтқару құрбандығына сенетіндігімізді көрсетеміз (Жохан 14:6; 1 Жохан 2:1, 2). 3. Біз дұға еткенде, Құдаймен шын жүректен сөйлесуіміз керек. Дұғаны жаттанды түрде айтып немесе оларды дұғалар жинағынан оқығанымыз дұрыс болмайды (Матай 6:7, 8). Кез келген сый-құрмет көрсететін қалыпта, кез келген уақытта және кез келген орында дұға ете беруге болады. Құдай тіпті шын жүректен шыққан, ішімізден айтқан дұғамызды да естиді (1 Патшалық 1:12, 13). Жеке өзіңіздің дұғаңыз үшін оңаша жер тапқан жақсы (Марқа 1:35). 4. Не туралы дұға етуге болады? Құдаймен достық қарым-қатынасыңызға қатысты нәрселердің барлығы жөнінде (Філіпіліктерге 4:6, 7). Үлгілі дұғадан, Иеhованың есімі мен Оның ниеті туралы дұға ету керек екендігін көруге болады. Сол сияқты күнделікті қажеттілігімізді, күнәміздің кешірілуін және азғыруларға қарсы тұруға жәрдем беруін сұрауға болады (Матай 6:9—13). Дұға еткен кезде жеке басымыздың мүддесін ойламай, Құдайдың еркіне сай нәрселерді өтінуіміз керек (1 Жохан 5:14).
5. Шын жүректен алғыс айтқыңыз және Құдайды мадақтағыңыз келген уақыттың барлығында да дұға етуге болады (1 Шежіре 29:10—13). Қиыншылыққа тап болғанда және сеніміңіз сыналып жатқан уақытта дұға ету керек (Забур 54:23; 119:1). Ас алдында дұға еткен дұрыс (Матай 14:19). Иеhова “әрдайым” дұға етуге шақырады (Ефестіктерге 6:18). 6. Әсіресе ауыр күнә жасап қойған кезіңізде дұға еткен маңызды. Осындай жағдайларда дұға еткенде, Иеhовадан рақым мен кешірімді жалынып өтіну керек. Егер сіз өз күнәңізді оның алдында мойындасаңыз және бар ынтаңызбен оларды қайталамауға тырыссаңыз, Құдай сізді “кешіруге дайын” (Забур 86:5, ЖД; Нақыл сөздер 28:13). 7. Иеhова әділдердің ғана дұғасын тыңдайды. Құдай дұғаңызды есту үшін, оның талаптарына сай өмір сүруге бар күшіңізді салуыңыз керек (Нақыл сөздер 15:29; 28:9). Кішіпейілділікпен дұға етуіңіз керек (Лұқа 18:9—14). Сонымен қатар Құдайдан сұрағаныңызға сай әрекет етуіңіз керек. Осылай Құдайға сенетіндігіңізді және сұраған нәрсеңізді шын мәнінде қалайтыныңызды көрсетесіз. Сонда ғана Иеhова сіздің дұғаларыңызға жауап береді (Еврейлерге 11:6). |
1996 жылы басылған |
|
Copyright © 2008 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania. All rights reserved. |
|