Иеһова куәгерлерінің ресми интернет сайты

Мұқаба Beliefs Future Medical Topics Contact Us Publications Languages
Құдай бізден нені талап етеді? 8-сабақАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Құдайға жағымды отбасы тұрмысы

Отбасында күйеу қандай орынға ие? (1)
Күйеуі әйеліне қалай қарау керек? (2)
Әкенің қандай міндеттері бар? (3)
Отбасындағы әйелдің рөлі қандай? (4)
Құдай ата-аналар мен балалардан нені талап етеді? (5)
Киелі кітаптың көзқарасы қандай? (6, 7)

1. Киелі кітапта күйеу — отбасының отағасы екендігі айтылған (1 Қорынттықтарға 11:3). Отағасының бір ғана әйелі болуы керек. Күйеу мен әйел сол елде қабылданған заң бойынша некелерін тіркеуден өткізулері керек (1 Тімоте 3:2; Титке 3:1).

2. Күйеуі әйелін өзіндей сүюі керек. Иса өзінің ізбасарларына қалай қараған болса, күйеуі де әйеліне солай қарауға міндетті (Ефестіктерге 5:25, 28, 29). Күйеуінің әйелін ұруына немесе оған қандай да бір қиянат жасауына болмайды. Керісінше, күйеуі әйеліне ізет пен құрмет көрсетуі керек (Қолостықтарға 3:19; 1 Петір 3:7).

Сүюші әке өз отбасын материалдық және рухани жағынан қамтамасыз етеді

3. Өз отбасының қамы үшін, әке бар ынтасымен еңбек етуі қажет. Ол әйелін және балаларын тамақпен, киім-кешекпен және баспанамен қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ әке отбасының рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тиіс (1 Тімоте 5:8). Ол отбасына Құдайды және Оның еркін білуге көмектесуде басшылықты өз қолына алады (Заңды қайталау 6:4—9; Ефестіктерге 6:4).

4. Әйел күйеуінің адал ниетті көмекшісі болуы керек (Жаратылыс 2:18). Ол күйеуіне балаларын оқытуға және тәрбиелеуге көмектесуге тиісті (Нақыл сөздер 1:8). Иеhова әйелден отбасына сүйіспеншілікпен қамқорлық жасауын талап етеді (Нақыл сөздер 31:10, 15, 26, 27; Титке 2:4, 5). Ол өз күйеуін аса құрметтеуі керек (Ефестіктерге 5:22, 23, 33).

5. Құдай балалардан ата-аналарының тілін алуды талап етеді (Ефестіктерге 6:1—3). Ол ата-аналарға өз балаларына ақыл-кеңес беріп, түзетіп отыруды тапсырды. Ата-аналар балаларымен Киелі кітапты зерттеп, олардың рухани және сезімдерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, уақыт бөлулері қажет (Заңды қайталау 11:18, 19; Нақыл сөздер 22:6, 15). Ата-аналарға өз балаларын өрескел және қатал тәрбиелеуге болмайды (Қолостықтарға 3:21).

Құдай ата-аналарға өз балаларына ақыл-кеңес беріп, түзетіп отыруды тапсырды

6. Ерлі-зайыптыларға бір-бірімен тіл табысу қиын болған кездерде, олардың Киелі кітаптың кеңестеріне көңіл аударғандары дұрыс. Киелі кітап сүйіспеншілікке және кешірімшіл болуға шақырады (Қолостықтарға 3:12—14). Құдай Сөзі болмашы мәселелерді бөлек тұру арқылы шешуді қолдамайды. Бірақ, 1) күйеуі отбасын қамтамасыз етуден мүлдем бас тартса, 2) оның қатігездік жасайтыны соншалық, тіпті әйелінің денсаулығы мен өміріне қауіп төндірсе, немесе 3) қатты қарсылық көрсетіп, Иеhоваға ғибадат етуге мүмкіндік бермесе, әйелі күйеуінен бөлек тұруды шешуіне болады (1 Қорынттықтарға 7:12, 13).

7. Ерлі-зайыптылар бір-біріне деген адалдықтарын сақтау керек. Неке адалдығын бұзу — Құдайға және серігіне қарсы жасалған күнә (Еврейлерге 13:4). Киелі кітапқа байланысты ажырасуға және қайтадан некеге тұруға болатын жалғыз себеп — некеден тыс жыныстық қатынас (Матай 19:6—9; Римдіктерге 7:2, 3). Иеhова адамдардың Киелі кітапта негізі жоқ себептермен ажырасып, басқа адаммен некеге тұрғандарын жек көреді (Малахия 2:14—16).

 

1996 жылы басылған

МұқабаБасыАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Copyright © 2008 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania. All rights reserved.