Иеһова куәгерлерінің ресми интернет сайты

Мұқаба Beliefs Future Medical Topics Contact Us Publications Languages
Құдай бізден нені талап етеді? 9-сабақАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Құдайдың қызметшілері тазалық сақтаулары керек

Неліктен біз жан-жақты тазалық сақтауымыз керек? (1)
Рухани тазалық (2) құлықтылық тазалығы (3) ой тазалығы (4) дене тазалығы дегеніміз не? (5)
Қандай әдепсіз сөйлеуден аулақ болу керек? (6)

1. Иеhова Құдай таза да қасиетті. Ол өзіне ғибадат ететіндердің құлықтылық, ой және дене тазалығын, сонымен қатар рухани тазалықты сақтағандарын қалайды (1 Петір 1:16). Құдайдың алдында таза болу үшін, күш салуымыз керек. Өйткені біз лас дүниеде өмір сүріп жатырмыз. Сонымен қатар өзіміздің дұрыс емес нәрселерге бейімділіктерімізбен де күресіп келеміз. Бірақ біз берілмеуіміз керек.

2. Рухани тазалық. Егер біз Иеhоваға қызмет етуді қаласақ, жалған діннің ілімдері мен әдет-ғұрыптарынан арылып, оны ешбір қолдамауымыз керек. (2 Қорынттықтарға 6:14—18; Аян 18:4). Құдай туралы ақиқатты білген соң, жалған ілімге үйрететін адамдар бізді адастырмау үшін сақ болуымыз керек (2 Жохан 10, 11).

3. Құлықтылық тазалығы. Иеhова Өзіне ғибадат ететіндердің барлық уақытта шынайы мәсіхшілердей әрекет еткендерін қалайды (1 Петір 2:12). Ол біздің істеген істеріміздің бәрін, тіпті құпия істерімізді де көреді (Еврейлерге 4:13). Біз жыныстық өнегесіздіктен және дүниенің басқа да жаман әдеттерінен аулақ болуымыз керек (1 Қорынттықтарға 6:9—11).

4. Ой тазалығы. Егер біз санамызды таза ойлармен толтыратын болсақ, біздің жүріс-тұрысымыз да таза болады (Філіпіліктерге 4:8). Ал егерде санамыз лас нәрселерге толы болса, нәтижесі жаман болады (Матай 15:18—20). Ойымызға жаман әсер тигізетін ойын-сауықтардан аулақ болуымыз керек. Біз санамызды Құдай Сөзін оқу арқылы таза ойлармен толтыра аламыз.

5. Дене тазалығы. Мәсіхшілер — Құдайдың өкілдері, сондықтан олар денесін және киімін таза ұстаулары керек. Әжетханадан кейін, сондай-ақ ас ішер және тағам дайындар алдында қолды жуу керек. Егер үйде әдеттегідей су құбырлар жүйесі болмаса, нәжісті көміп тастау керек (Заңды қайталау 23:12, 13). Дене тазалығы — денсаулықтың кепілі. Мәсіхшінің үйінің іші де, сырты да таза және ұқыпты болуы керек. Басқа адамдардың үйлерімен салыстырғанда, оның үйі үлгілі болуға тиіс.

6. Таза сөйлеу. Құдайдың қызметкерлері әрдайым шындықты айтулары керек. Өтірікшілер Құдай Патшалығына кірмейді (Ефестіктерге 4:25; Аян 21:8). Мәсіхшілер бейпіл ауыз емес. Олар тұрпайы қалжың, әдепсіз оқиғаларды айтпайды және оларды тыңдамайды. Олар жұмыста және мектепте айналасындағы адамдардан, сонымен қатар жергілікті тұрғындардан өздерінің таза сөйлеулерімен ерекшеленеді (Ефестіктерге 4:29, 31; 5:3).

Құдайдың қызметкерлері жан-жақты тазалық сақтаулары керек

1996 жылы басылған

МұқабаБасыАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Copyright © 2008 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania. All rights reserved.