Иеһова куәгерлерінің ресми интернет сайты

Мұқаба Beliefs Future Medical Topics Contact Us Publications Languages
Құдай бізден нені талап етеді? 10-сабақАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Құдай жек көретін істер

Құдай жаман деп есептейтін нәрселерге деген көзқарасымыз қандай болу керек? (1)
Қандай жыныстық қатынастар дұрыс емес? (2)
Мәсіхшінің өтірікке (3) құмар ойындарға (3) ұрлыққа (3) зорлық-зомбылыққа (4) спиритизмге (5) маскүнемдікке (6) байланысты көзқарасы қандай болуы керек?
Жаман істерден қалай арылуға болады? (7)

1. Құдайдың қызметкерлері жақсылықты сүйеді. Алайда олар жамандықты жек көруді де үйренулері керек (Забур 96:10). Бұл — Құдай жек көретін істерден аулақ болу керек деген сөз. Қандай істерден?

2. Азғындық. Некеге дейінгі жыныстық қатынас, неке адалдығын бұзу, малмен жыныстық қатынаста болу, жақын туыстарыңмен жыныстық қатынаста болу және гомосексуализм — Құдайға қарсы жасалған ауыр күнәлар (Леуі 18:6; Римдіктерге 1:26, 27; 1 Қорынттықтарға 6:9, 10). Егер екі кісі некеге тұрмай, бірге өмір сүріп жатса, қатынастарын үзгені немесе некеге тіркелгендері дұрыс болады (Еврейлерге 13:4).

Құдай маскүнемдікті, ұрлықты, құмар ойындарды және зорлық-зомбылықты жек көреді

3. Өтірік, құмар ойындар, ұрлық. Иеhова Құдай ешқашан да өтірік айтпайды (Титке 1:2). Оның қолдауына ие болғысы келгендер, өтірік айтпаулары керек (Нақыл сөздер 6:16—19; Қолостықтарға 3:9, 10). Құмар ойынның барлық түрлері ашкөздік туғызады. Сондықтан мәсіхшілер лоторея, ат шабыс немесе бинго сияқты құмар ойындарды ойнамайды (Ефестіктерге 5:3—5). Сондай-ақ мәсіхшілер ұрлық жасамайды. Олар заттың ұрланғанын біле тұра сатып алмайды және рұқсатсыз біреудің затына тимейді (Мысырдан көшу 20:15; Ефестіктерге 4:28).

4. Ашуға берілу, зорлық-зомбылық. Жүгенсіз ашу зорлық жасауға түрткі болуы мүмкін (Жаратылыс 4:5—8). Зорлық-зомбылық жасайтын адам Құдайдың досы бола алмайды (Забур 10:5; Нақыл сөздер 22:24, 25). Зұлымдыққа зұлымдықпен қайтарып, кек алу дұрыс емес (Нақыл сөздер 24:29; Римдіктерге 12:17—21).

5. Сиқырлық және спиритизм. Кейбір адамдар сырқаттарынан айығу үшін рухтардың күшіне сүйенеді. Өзгелері ауырып, тіпті өліп қалсын деген ниетпен жауларына дуа жасайды. Осы істердің барлығының артында тұрған күш — Шайтан. Сондықтан мәсіхшілер олардың ешқайсысына қатыспауы керек (Заңды қайталау 18:9—13). Өзгелердің бізге қарсы істеген сиқырлықтарынан ең күшті қорғаныш — Иеhовамен тығыз қарым-қатынасты сақтау (Нақыл сөздер 18:10).

6. Маскүнемдік. Аздап шарап, сыра және өзге де спиртті ішімдіктерді ішкенде тұрған еш нәрсе жоқ (Забур 103:15; 1 Тімоте 5:23). Бірақ көп ішу және ішкілікке салыну — Құдайдың көз алдында дұрыс емес (1 Қорынттықтарға 5:11—13; 1 Тімоте 3:8). Арақ-шарапты шамадан тыс ішу денсаулыққа зиян келтіріп, отбасын бұзуы мүмкін. Сонымен қатар спиртті ішімдіктерді шамадан тыс көп ішетін адам өзге азғыруларға да оңай берілуі мүмкін (Нақыл сөздер 23:20, 21, 29—35).

7. Құдай жек көретін істермен айналысатын адамдарға “Құдай Патшалығында орын жоқ” (Ғалаттықтарға 5:19—21). Егер сіз шынында да Құдайды сүйсеңіз және оған жаққыңыз келсе, осындай істерден құтыла аласыз (1 Жохан 5:3). Құдайдың көз алдында жаман нәрсені жек көруді үйреніңіз (Римдіктерге 12:9). Құдайға жағымды істерді әдет қылған адамдармен қарым-қатынаста болыңыз (Нақыл сөздер 13:20). Рухани толысқан мәсіхші достарыңыз да көмек көрсете алады (Жақып 5:14). Бәрінен бұрын дұға ете отырып, Құдайдың көмегіне сенім артыңыз (Філіпіліктерге 4:6, 7, 13).

 

1996 жылы басылған

МұқабаБасыАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Copyright © 2008 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania. All rights reserved.