| Құдай бізден нені талап етеді? | 11-сабақ |
Құдайға ұнамсыз діни нанымдар мен әдет-ғұрыптар |
|
| Қандай діни нанымдар мен әдет-ғұрыптар дұрыс емес? (1) | |
| Құдай — Үшбірлік дегенге мәсіхшілердің сенуі керек пе? (2) | |
| Шынайы мәсіхшілер неліктен Мәсіхтің туған күнін, айтты және туған күнді тойламайды? (3, 4) | |
| Өлілер тірілерге зиян келтіре ала ма? (5) | |
| Иса айқышта өлді ме? (6) | |
| Құдайға жағу қаншалықты маңызды? (7) | |
1. Барлық діни нанымдар мен әдет-ғұрыптар жаман емес. Бірақ жалған діннен шыққан және Киелі кітаптың ілімдеріне қайшы келетіндерін Құдай қолдамайды (Матай 15:6). 2. Үшбірлік. Иеhова Үшбірлік пе, яғни бір Құдайдағы үш тұлға ма? Жоқ! Иеhова Әке, бұл — “жалғыз шынайы Құдай” (Жохан 17:3; Марқа 12:29). Иса — Құдайға бағынышты, оның тұңғыш Ұлы (1 Қорынттықтарға 11:3). Әкесі Исадан ұлы (Жохан 14:28). Киелі рух — өзіндік қасиеті бар тұлға емес, Құдайдың әрекет етуші күші (Жаратылыс 1:2; Елшілердің істері 2:18).
3. Мәсіхтің туған күні (Рождество) және айт. Иса 25-желтоқсанда туылған жоқ. Ол шамамен 1-қазанда, яғни малшылар малдарын түнде ашық ауада күзете алатын мезгілде туылған (Лұқа 2:8—12). Иса ешқашан мәсіхшілерге өзінің туған күнін тойлаңдар деп айтқан емес. Керісінше, ол өзінің шәкірттеріне өлген күнін мәңгі есте сақтауды өсиет еткен (Лұқа 22:19, 20). Мәсіхтің туған күні мен соған қатысты әдет-ғұрыптар байырғы жалған діндерден бастау алған. Бұл жеті нан және мал шалу секілді ерекше белгісі бар айт әдет-ғұрыптарына да қатысты. Алғашқы мәсіхшілер Мәсіхтің туған күні мен айтты тойламаған, қазіргі шынайы мәсіхшілер де тойламайды. 4. Туған күндер. Киелі кітапта туған күн тойланған екі ғана оқиға айтылған. Оны Иеhоваға ғибадат етпейтін адамдар тойлаған (Жаратылыс 40:20—22; Марқа 6:21, 22, 24—27). Алғашқы мәсіхшілер туған күндерді тойламаған. Бұл әдет-ғұрып ежелгі жалған діндерден қалған. Шынайы мәсіхшілер кез келген уақытта бір-біріне сыйлық жасап, көңілді отырыстар ұйымдастыра береді. 5. Өлілер алдындағы қорқыныш. Өлілер ештеңе істемейді және сезбейді. Біз оларға жәрдем бере алмаймыз, ал олар бізге зиян келтіре алмайды (Забур 145:4; Екклесиаст 9:5, 10). Жан өледі, өлгеннен кейін ол өмір сүрмейді (Езекиел 18:4). Бірақ жын-перілер деп аталатын зұлым періштелер, өздерін өлген адамдардың аруақтары кейпінде көрсететін кездері де болады. Өлгендердің алдында қорқыныш туғызатын және оларға табынуды қолдайтын әдет-ғұрыптар дұрыс емес (Ишая 8:19). 6. Айқыш. Иса айқышқа емес, бөрене немесе діңгек ағашқа шегеленіп өлтірілді. Көптеген Киелі кітап аудармаларындағы “айқыш” деп аударылған грек сөзі жай бөренені білдіреді. “Айқыш” рәмізі ежелгі жалған діндерден шыққан. Алғашқы мәсіхшілер ғибадат еткенде айқышты қолданбаған және оған табынбаған. Сол себепті сіз қалай ойлайсыз, ғибадат еткенде айқышты қолданған дұрыс па? (Заңды қайталау 7:26; 1 Қорынттықтарға 10:14). 7. Мүмкін аталып шыққан діни нанымдар мен әдет-ғұрыптардың кейбіреулерінен бас тарту өте қиын шығар. Бәлкім, туыстарыңыз бен достарыңыз сізді бұрынғы діни нанымдарды өзгертпеуге көндіру үшін әрекет жасауда болар. Бірақ адамдарға емес, Құдайға жағу әлдеқайда маңыздырақ (Нақыл сөздер 29:25; Матай 10:36, 37). |
||||||
1996 жылы басылған |
|
Copyright © 2008 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania. All rights reserved. |
|