Иеһова куәгерлерінің ресми интернет сайты

Мұқаба Beliefs Future Medical Topics Contact Us Publications Languages
Құдай бізден нені талап етеді? 12-сабақАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Өмірге және қанға құрмет

Өмірге (1) және түсік жасатуға (1) деген көзқарасымыз қандай болу керек?
Мәсіхшілер қалай қауіпсіздік сақтауға тырысады? (2)
Жануарларды өлтіруге бола ма? (3)
Қандай әдет-қылықтардан өмірді бағаламағандық байқалады? (4)
Құдайдың заңында қан туралы не айтылған? (5)
Бұл заң қан құйдыруға қатысты ма? (6)

1. Иеhова — өмірдің Бастауы. Барлық тірі жандар — Құдайға өз өмірлері үшін қарыздар (Забур 35:10). Өмір — Құдайдың көз алдында қасиетті. Иеhова үшін іштегі, әлі туылмаған баланың өмірі де қымбат. Іштегі дамып келе жатқан нәрестені әдейі өлтіру — Құдай алдында жасалған қылмыс (Мысырдан көшу 21:22, 23; Забур 126:3).

Құдайға жағу үшін, біз қан құйдырудан, арам әдеттерден және жөнсіз тәуекелден аулақ болуымыз керек

2. Шынайы мәсіхшілер қауіпсіздікке ұмтылады. Олар көлік жүргізгенде және үйде қауіпсіздік сақтауға тырысады (Заңды қайталау 22:8). Құдайдың қызметшілері рақатқа бөлену немесе ерекше әсер алу үшін, өмірлерін қауіпке тікпейді. Сондықтан олар адамдарға әдейі зиян тигізетін спорттың түрлерімен айналыспайды. Олар зорлық-зомбылық орын алатын ойын-сауықтардан қашық жүреді (Забур 10:5; Жохан 13:35).

3. Жануарлардың да өмірі Жаратушының көз алдында қасиетті. Мәсіхшілер өздерін тамақпен, киіммен қамтамасыз етіп, сондай-ақ өздерін ауру мен қауіп-қатерден қорғау үшін, жануарларды өлтіре алады (Жаратылыс 3:21; 9:3; Мысырдан көшу 21:28). Бірақ жай спортпен шұғылдану үшін немесе ермек үшін оларды қорлауға және өлтіруге болмайды (Нақыл сөздер 12:10).

4. Мәсіхшілерге шылым шегуге, насыбай атуға және рақат алу үшін есірткі қабылдауға болмайды. Бұлардың барлығы — зиян, өйткені 1) бұндай әдеттер адамды құл қылады, 2) организмге зиян келтіреді 3) таза емес (Римдіктерге 6:19; 12:1; 2 Қорынттықтарға 7:1). Бұл әдеттерден құтылу өте қиын болатын шығар. Бірақ Иеhоваға жағу үшін, солай етуіміз керек.

5. Қан да Құдайдың көз алдында қасиетті. Құдай жанның, яғни өмірдің қанда екенін айтады. Қанды тамақ ретінде қабылдау және қаны шықпаған малдың етін жеу де дұрыс емес. Егер жануар қақпанға түсіп, арам өлсе, оны жеуге болмайды. Оны найзамен шаншып немесе мылтықпен атып өлтірсе, тез бауыздап, қанын шығару керек. Сонда оны жеуге болады (Жаратылыс 9:3, 4; Леуі 17:13, 14; Елшілердің істері 15:28, 29).

6. Қан құйдыруға болмай ма? Естеріңізде болсын: Иеhова қаннан бас тартуды талап етеді. Бұл дегеніміз, өзіміздің денемізге ешқандай жолмен өзгелердің де қанын және өзге жерде сақталған өзіміздің де қанымызды қабылдамауымыз керек (Елшілердің істері 21:25). Сондықтан шынайы мәсіхшілер қан құйдырудан бас тартады. Олар емнің басқа түріне, мысалы, қан толтыратын дәрі-дәрмектерді құйдыруға келіседі. Мәсіхшілер өмір сүргісі келеді, бірақ өз өмірлерін Құдайдың заңдарын бұзу арқылы сақтап қалуға тырыспайды (Матай 16:25).

 

1996 жылы басылған

МұқабаБасыАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Copyright © 2008 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania. All rights reserved.