Иеһова куәгерлерінің ресми интернет сайты

Мұқаба Beliefs Future Medical Topics Contact Us Publications Languages
Құдай бізден нені талап етеді? 13-сабақАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Ақиқат дінді қалай табуға болады?

Барлық діндер Құдайға ұнайды ма, әлде біреуі ғана ма? (1)
Дүниеде христиан деп аталатын діндер неге соншама көп? (2)
Шынайы мәсіхшілерді қалай анықтауға болады? (3—7)

1. Иса шынайы мәсіхшілердің бір ғана дінінің негізін қалаған. Сондықтан бүгінгі күні Иеhова Құдайға шынайы ғибадат етушілердің бір ғана ағымы, немесе тобы, болуы керек (Жохан 4:23, 24; Ефестіктерге 4:4, 5). Киелі кітап өмірге апаратын тар жолмен аз ғана адамдар жүретінін айтады (Матай 7:13, 14).

2. Елшілер өлгеннен кейін, мәсіхшілер қауымына жалған ілімдер мен мәсіхшілікке жат әдет-ғұрыптардың кіретінін, Киелі кітап күні бұрын айтқан. Сондай-ақ, беделді адамдар сенушілерді Исаның емес, өздерінің артынан ертіп әкететіні де жазылған (Матай 7:15, 21—23; Елшілердің істері 20:29, 30). Міне, сондықтан қазіргі кезде өздерін христиан атайтын діндер көп. Ал шынайы мәсіхшілерді қалай анықтауға болады?

3. Шынайы мәсіхшілердің ерекше белгісі — олардың бір-біріне деген шынайы сүйіспеншілігі (Жохан 13:34, 35). Оларды бір нәсілдің адамдары өзге нәсілді адамдардан артық деп оқытпайды. Сондай-ақ басқа елдердің тұрғындарын жек көруді де үйретпейді (Елшілердің істері 10:34, 35). Сондықтан шынайы мәсіхшілер соғыстарға қатыспайды. Олар бір-біріне бауырлас ретінде қарайды (1 Жохан 4:20, 21).


Шынайы мәсіхшілер бірін-бірі сүйеді, Киелі кітапты құрметтейді және Құдай Патшалығы туралы уағыздайды

4. Шынайы діннің келесі белгісі — Киелі кітапқа шексіз құрмет. Шынайы мәсіхшілер оны Құдайдың Сөзі ретінде қабылдап, ондағы жазылғандардың барлығына сенеді (Жохан 17:17; 2 Тімоте 3:16, 17). Құдайдың Сөзі олар үшін адамдардың ойлары мен әдет-ғұрыптарынан әлдеқайда маңызды (Матай 15:1—3, 7—9). Олар әрдайым Киелі кітап бойынша өмір сүруге тырысады. Сондықтан олардың уағыздайтын сөздері істеріне сәйкес келеді (Титке 1:15, 16).

5. Сонымен қатар ақиқат діннің жақтаушылары, Құдайдың есімін киелі тұтулары керек (Матай 6:9). Иса адамдарға Құдайдың есімі — Иеhова екенін айтқан. Шынайы мәсіхшілер де солай ету-лері керек (Жохан 17:6, 26; Римдіктерге 10:13, 14). Сіз тұратын жерде адамдарға Құдайдың есімі туралы кімдер айтып жүр?

6. Шынайы мәсіхшілер Құдайдың Патшалығы туралы уағыздаулары керек. Иса солай еткен. Ол әрдайым Патшалық туралы уағыздаған (Лұқа 8:1). Сондай-ақ ол шәкірттеріне де дәл сол хабарды бүкіл жер бетіне таратуды бұйырды (Матай 24:14; 28:19, 20). Жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті тек Құдай Патшалығы ғана орнататындығына шынайы мәсіхшілер кәміл сенеді (Забур 145:3—5).

7. Исаның шәкірттері бұл зұлым дүниенің істеріне қатыспайды (Жохан 17:16). Олар дүниенің саясатына және әлеуметтік дау-жанжалдарына килікпейді. Олар дүниеге тән зиянды мінез-құлық, көзқарас танытпайды және әдет-ғұрыптардан аулақ болады (Жақып 1:27; 4:4). Аталып өткен шынайы діннің белгілерін танытып жүрген діни ағымды атай аласыз ба?

 

1996 жылы басылған

МұқабаБасыАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Copyright © 2008 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania. All rights reserved.