Иеһова куәгерлерінің ресми интернет сайты

Мұқаба Beliefs Future Medical Topics Contact Us Publications Languages
Құдай бізден нені талап етеді? 14-сабақАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Иеһова Куәгерлері ұйымының құрылымы

Иеһова Куәгерлерінің қазіргі заманғы тарихы қашан басталған? (1)
Иеһова Куәгерлерінің кездесулері қалай өтеді? (2)
Шығындар қалай өтеледі? (3)
Қауымда жетекшілікті кім қолына алады? (4)
Жыл сайын қандай көпшілік кездесулері өткізіледі? (5)
Басты басқармада және филиалдарда қандай істер жүзеге асырылады? (6)

1. Иеhова Куәгерлерінің қазіргі заманғы тарихы 1870 жылдары басталды. Алғашқыда олар Киелі кітапты Зерттеушілер деп аталған. Бірақ 1931 жылы Киелі кітапты Зерттеушілер Киелі кітапқа негізделіп, Иеhова Куәгерлері деп атала бастады (Ишая 43:10). Алғаш шағын ғана болған ұйым, қазіргі уақытта 230-дан аса елдерде уағыздап жүрген миллиондаған Куәгерлерден тұрады.

2. Иеhова Куәгерлерінің қауымдарының басым көпшілігінде аптасына үш мәрте кездесу өткізіледі. Кездесудің қайсысына болса да келуіңізге болады (Еврейлерге 10:24, 25). Онда Киелі кітапқа негізделген тәлім беріледі. Кездесулер дұғамен басталады және дұғамен аяқталады. Кездесулердің көбісінде шын жүректен “рухани әндер” орындалады (Ефестіктерге 5:18, 19, ЖД). Кездесуге кіру үшін ақы төленбейді (Матай 10:8).

3. Қауымдардың көпшілігі кездесулерін Патшалық Сарайында өткізеді. Бұл — Куәгерлер өз еріктерімен ақысыз соққан қарапайым ғимараттар. Олардың ішінде бейнелер, айқышқа шегеленген мүсіндер және тағы соған ұқсас заттар болмайды. Шығындар ерікті садақаның арқасында өтеліп тұрады. Садақа бергісі келгендер үшін арнаулы жәшіктер бар (2 Қорынттықтарға 9:7).

4. Әрбір қауымда ақсақалдар, немесе бақылаушылар, бар. Олар қауымға тәлім беру ісінде басшылықты қолдарына алады (1 Тімоте 3:1—7; 5:17). Оларға қызмет көмекшілері жәрдемдеседі (1 Тімоте 3:8—10, 12, 13). Аталған қызметшілер қауымдағы басқа мәсіхшілерден жоғары емес (2 Қорынттықтарға 1:24). Олардың арнайы лауазымдары жоқ (Матай 23:8—10). Олар ерекшеленіп киінбейді және қызметтері үшін оларға ақы төленбейді. Ақсақалдар өз еркімен қауымның рухани қажеттілігінің қамын ойлайды. Қиыншылыққа кезіккен жағдайда жұбатып, ақыл-кеңес бере алады (Жақып 5:14—16; 1 Петір 5:2, 3).

5. Сонымен қатар Иеhова Куәгерлері жыл сайын үлкен аудандық немесе облыстық конгрестер өткізіп тұрады. Ол кезде көптеген қауымдағылар бірге жиналып, Киелі кітапқа негізделген басшылық берілетін арнайы бағдарламаны тыңдайды. Әдетте, әр конгресс сайын жаңа шәкірттер шомылдыру рәсімінен өткізіледі (Матай 3:13—17; 28:19, 20).

6. Иеhова Куәгерлерінің дүниежүзілік бас басқармасы Нью-Йоркта орналасқан. Онда дүниежүзілік қауымды бақылайтын, тәжірибелі ақсақалдардың жетекші тобы — Басқарушы кеңес жұмыс істейді. Сонымен қатар, дүние жүзі бойынша 100-ден аса филиалдар жұмыс істейді. Онда ерікті қызметшілер Киелі кітапқа негізделген әдебиеттерді басып шығаруға және жіберіп отыруға көмектеседі. Сондай-ақ филиалдар арқылы уағыздау жұмысын ұйымдастыруға байланысты басшылық беріледі. Жақын жердегі филиалға барып шығуды неге жоспарламасқа?

 

1996 жылы басылған

МұқабаБасыАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Copyright © 2008 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania. All rights reserved.