Иеһова куәгерлерінің ресми интернет сайты

Мұқаба Beliefs Future Medical Topics Байланысу Publications Languages
Құдай бізден нені талап етеді? 15-сабақАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Адамдарға Құдайдың еркін орындауға көмек беру

Неге өзіңіз білген жақсы нәрселерді басқаларға да айту қажет? (1)
Ізгі хабарды кімдермен бөлісуге болады? (2)
Сіздің жүріс-тұрысыңыз адамдарға қалай әсер етуі мүмкін? (2)
Қауымменл бірге уағыздауды қашан бастауға болады? (3)

1. Осы уақытқа дейін сіз Киелі кітаптан көптеген жақсы нәрселерді білдіңіз. Бұл білімдер сізді мәсіхшілерге тән қасиеттер дамытуға талпындыруы керек (Ефестіктерге 4:22—24). Мәңгі өмірге жету үшін, Киелі кітапқа негізделген білім алудың маңызы зор (Жохан 17:3). Алайда, құтқарылу үшін ізгі хабарды басқа адамдар да естулері қажет. Шынайы мәсіхшілердің барлығы да басқа адамдарға куәлік берулері тиіс. Бұл — Құдайдың бұйрығы (Римдіктерге 10:10; 1 Қорынттықтарға 9:16; 1 Тімоте 4:16).

2. Сіз білген жақсы нәрселеріңізді өзіңіздің жақындарыңызбен бөлісе беруіңізге болады. Бұл туралы отбасыңызға, жора-жолдастарыңызға, сыныптастарыңызға және бірге жұмыс істейтін кісілерге айтып беріңіз. Бұл туралы айтқанда, мейірімді және сабырлы болыңыз (2Тімоте 2:24, 25). Есіңізде болсын, адамдар жиі естіген сөзінен гөрі, көрген ісіне көп көңіл бөледі. Сондықтан сіздің жақсы жүріс-тұрысыңыз, адамдардың сіз айтқан хабарға көңіл бұруларына себеп болуы мүмкін (Матай 5:16; 1 Петір 3:1, 2, 16).

3. Мүмкін уақыт өте жергілікті Иеhова Куәгерлері қауымымен бірге уағыздау құқына ие боларсыз. Бұл — сіздің жетістікке жетуіңіздегі маңызды қадам (Матай 24:14). Біреудің Иеhованың қызметшісі болуына және мәңгілік өмірге жетуіне көмек бере алсаңыз, қандай қуанышты болған болар едіңіз! (1 Салониқалықтарға 2:19, 20).

 

1996 жылы басылған

МұқабаБасыАлдыңғы мақалаКелесі мақала

Copyright © 2011 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania. All rights reserved.