Иеһова куәгерлерінің ресми интернет сайты

Мұқаба Beliefs Future Medical Topics Contact Us Publications Languages
Құдай бізден нені талап етеді? 16-сабақАлдыңғы мақала

Құдайға қызмет ету шешімі

Құдайдың досы болу үшін, не істеу керек? (1, 2)
Құдайға өзіңізді қалай арнай аласыз? (1)
Шомылдыру рәсімінен қашан өтуге болады? (2)
Құдайға деген сеніміңізді сақтап қалу үшін күшті қайдан алу керек? (3)

1. Құдайдың досы болу үшін, Киелі кітаптағы шындықты жақсы білуіңіз (1 Тімоте 2:3, 4), білген нәрселеріңізге сенуіңіз (Еврейлерге 11:6), күнәларыңыз үшін өкінуіңіз (Елшілердің істері 17:30, 31) және өмір қалпын өзгертуіңіз қажет (Елшілердің істері 3:19). Сонан соң, Құдайға деген сүйіспеншілігіңіз, өзіңізді Құдайға арнауға талпындыруы керек. Бұл дегеніміз Құдайға жеке дұғада өз өміріңізді оның еркін орындауға арнайтындығыңызды айтуды білдіреді (Матай 16:24; 22:37).

2. Өзіңізді Құдайға арнағаннан кейін, шомылдыру рәсімінен өту қажет (Матай 28:19, 20). Шомылдыру рәсімінен өткеніңіз, өзіңізді Иеһоваға арнағаныңызды өзге адамдардың білуіне мүмкіндік береді. Сол себепті Құдайға қызмет етуге байланысты жеке шешімін қабылдай алатын, жеткілікті жасқа жеткен адамдар ғана шомылдыру рәсімінен өте алады. Адам шомылдыру рәсімінен өткенде, бір сәтке оның бүкіл денесі толық суға батуы керек* (Марқа 1:9, 10; Елшілердің істері 8:36).

3. Иеhоваға өзіңізді арнағаннан кейін, ол сізден өзіңіздің уәдеңізге сай өмір сүруіңізді күтеді (Забур 49:14; Екклесиаст 5:3, 4). Ал Ібіліс, сізді Иеhоваға қызметті тоқтатуға мәжбүр етуге тырысады (1 Петір 5:8). Бірақ дұға арқылы Құдайға жақындаңыз (Філіпіліктерге 4:6, 7). Күн сайын оның Сөзін зерттеңіз (Забур 1:1—3). Қауыммен тығыз байланыста болыңыз (Еврейлерге 13:17). Осылай істей отырып, сіз Құдайға деген адалдықты сақтай алатын күш-қуат аласыз. Осылай сіз мәңгілік Құдайдың талаптарының барлығын орындай аласыз!

Қосымша мәлiмет алғыңыз келе ме? Төмендегі мекен-жайлардың бірін қолданып, Иеһова Куәгерлеріне жазыңыз. Мекен-жайлар


*  Шомылдыру рәсіміне дайындалу үшін, “Мәңгілік өмірге алып баратын білім” немесе Күзет Мұнарасы, Киелі кітап және Трактаттар Қоғамы басып шығарған осы сияқты өзге әдебиетті зерттеуге кеңес беріледі.

 

1996 жылы басылған

МұқабаБасыАлдыңғы мақала

Copyright © 2008 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania. All rights reserved.